-A A +A

Заңгерлер одағы

Кеңес төрағасын, сонымен қатар мүшелерін сайлау мәселелері бойынша «Қазақстандық заңгерлер одағы» РҚБ СҚОФ өткен конференция

2015 жылғы 19 наурызда «Қазақстандық заңгерлер одағы» РҚБ Солтүстік Қазақстан облыстық филиалында Кеңес төрағасы мен мүшелерінің өкілеттіктері екі жылдық мерзімінің өтуіне байланысты Кеңес төрағасын, сонымен қатар мүшелерін сайлау мәселелері бойынша конференция өтті.

Іс-шара өткізу барысында алдағы уақытта Кеңес филиалының жұмысына қатысатын филиал төрағасының, хатшысының, сонымен қатар мемлекеттік органдар өкілдерінің кандидатуралары анықталды.

САЙЛАУҒА ҚАТЫСУ - ӘР АДАМНЫҢ АЗАМАТТЫҚ ПАРЫЗЫ!

Сайлау – елдің қоғамдық-саяси өмірінде азаматтардың қатысуының ең көп тараған нысандарының бірі, саяси жүйе мен саяси тәртіп қызметінің маңызды институты, олардың легитимділігі халықтық суверенитет көріністерінің бірі болып табылады.

ҚР Конституциясының 33 б. сәйкес Республика азаматтары сайлауға және мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарына сайлануға, сонымен қатар республикалық референдумға қатысуға құқылы.

«Қазақстан заңгерлер одағы» РҚБ мүшесіне кіру

Заңгерлер одағына кіру үшін Сізге өтініш толтыру, жеке куәліктің көшірмесін, оқу орнын аяқтаған (заңгерлік білім) туралы дипломның көшірмесін, кіру жарнасы (2 аек) төленгенін растайтын құжат, 3*4 2 фото ұсыну қажет.

Төлемді «Қазкоммерцбанк» АҚ бөлімшелерінде жүзеге асыруға болады, БСН 130441025576, шот нөмірі KZ319261701169246000.

СҚО-да заң жобаларын талқылау бойынша «дөңгелек үстел» отырысы өткізілді

 

2015 жылғы 26 ақпанда «Қазақстандық заңгерлер одағы» РҚБ СҚОФ ҚР Азаматтық іс жүргізу кодексінің, ҚР Кәсіпкерлік кодексінің, ҚР «Төрелік туралы» Заңының жобаларын талқылау бойынша «дөңгелек үстел» отырысы өткізілді.

Іс-шараға СҚО Прокуратурасының, Петропавл қ. №2 сотының, М.Қозыбаев ат. Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің, СҚО Кәсіпкерлер палатасының өкілдері, СҚНО Петропавл қ. жеке нотариусы, Солтүстік Қазақстан облысының адвокаттар алқасының адвокаттары қатысты.

Заңгерлердің біліктілігін көтеру

 «Қазақстандық заңгерлер одағы» республикалық қоғамдық бірлестігінің Солтүстік Қазақстан облысы филиалымен 2014 жылдың 11-17 шілдесі аралығында Солтүстік Қазақстан облысы Әділет департаментінің ғимаратында азаматтар мен заңды тұлғалардың құқықтарын соттың қорғауымен айналысатын тәжірибеден өтіп жатқан заңгерлер үшін «Сот талқылауын әзірлеу және сот шешімін құру әдістемесі» тақырыбына семинар өткізілуде.

«Қазақстандық заңгерлер одағы» РҚБ Солтүстік Қазақстан облысы филиалы кеңесінің отырысы өтті

2014 жылғы 17 қазанда Солтүстік Қазақстан облысының мәжіліс залында «Қазақстандық заңгерлер одағы» РҚБ Солтүстік Қазақстан облысы филиалы кеңесінің отырысы өтті, оған Кеңес мүшелері – СҚО Әділет департаментінің басшысы Е.А. Сейдімбек, СҚО Прокурорының орынбасары М.Д. Ахметов, СҚО Нотариаттық палатасының төрайымы Г.М. Оспанова, филиалдың хатшысы М.В. Недвига, сонымен қатар тексеру комиссиясының мүшелері – СҚО бойынша қаржы инспекциясының заңгері Б.Б. Канафин, СҚО бойынша Салық департаменті заң басқармасының бастығы А.Т.

Солтүстік Қазақстан облысында «Қазақстандық заңгерлер одағы» РҚБ негізгі ережелерін түсіндіру бойынша кездесулер өткізілді

 «Қазақстандық заңгерлер одағы» РҚБ негізгі ережелерін түсіндіру мәселесі бойынша «Қазақстандық заңгерлер одағы» республикалық қоғамдық бірлестігінің атқарушы директоры Дариға Құрманқызы Құрманованың кездесулері ұйымдастырылды.

Осылайша, 15 қазанда СҚО прокуратурасының, СҚО бойынша Сот актілерін орындау департаментінің басшыларымен және қызметкерлерімен кездесулер ұйымдастырылды.

«Қазақстан заңгерлерінің одағы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің филиалы туралы Ереже

                           

«Қазақстан заңгерлерінің одағы» РҚБ

Орталық кеңесінің шешімімен бекітілді

 

2013 ж. 30 қаңтардағы № 3 хаттама

 

«Қазақстан заңгерлерінің одағы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің филиалы туралы

Ереже

 

1. Жалпы ережелер