-A A +A

Статистикалық ақпарат

2017 жылдың 1 тоқсанында СҚО ӘД нормативтік құқықтық актілердің саласында жүргізілген жұмыс туралы ақпарат

 ҚР «Әділет органдары туралы» Заңына сәйкес, әдiлет органдары өз құзыретi шегiнде мемлекеттiң қызметiн құқықтық қамтамасыз етудi жүзеге асыратын, мемлекеттiк органдардың, ұйымдардың, лауазымды адамдар мен азаматтардың жұмысында заңдылық режимiне қолдау жасайтын, азаматтардың және ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғауды қамтамасыз ететiн атқарушы билiк органдары болып табылады.

2016 жылдың 11 айы қорытындысы бойынша зияткерлік меншік саласында анықталған құқық бұзушылықтар мен қылмыстар туралы

Қазақстандағы зияткерлік меншікті дамыту үшін қолайлы жағдайларды қалыптастыру міндеттерінің бірі контрафактілік және зияткерлік меншікті қорғауға қарсы күресуге, алдын алуға бағытталған іс-шараларды ұйымдастыру болып табылады.

Әділет органдарымен 2016 жылдың 11 айында зияткерлік меншік объектілерін пайдаланатын субъектілерге 179 тексеру жүргізілді. Жүргізілген тексерулер нәтижесі бойынша 152 құқық бұзушылық анықталды. ӘҚтК
158-бабы бойынша (тауар таңбасын заңсыз пайдаланғаны үшін) 155 әкімшілік іс жүргізу қозғалды

2016 жылдың 9 айына арналған Солтүстік Қазақстан облысы Әділет департаментінің қызметі туралы ақпарат

Нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу

2016 жылдың 9 айы ішінде Әділет департаментіне мемлекеттік тіркеуге – 406 нормативтік құқықтық акті келіп түсті, олардың ішінен 366 – мемлекеттік тіркеуден өтті, 12 – мемлекеттік тіркеуден бас тартылды, 4 – заң сараптамасы өткізілместен қайтарылды, 19 НҚА – мемлекеттік органдармен кері қайтарып алынды.

Элетрондық сауда-саттықтан мүлікті сатып алу туралы

СҚО Әділет департаментінің сот орындаушыларымен 2016 жылдың 1 жартыжылдығы ішінде 27,8 млн теңге сомасына 19 лот іске асырылды.

Ең ірі лоттардың бірі Солтүстік Қазақстан облысы, Ақжар ауданы, Кішіқарой селолық округі мекен-жайында орналасқан 49 жыл мерзіміне берілген, «Бостандық» ЖШС тиесілі жер учаскелеріне уақытша ақылы жермен пайдалану құқығын іске асыру болып табылады.

2016 жылдың І жартыжылдығының қорытындысы бойынша зияткерлік меншік саласында анықталған құқық бұзушылықтар мен қылмыстар туралы

Есепті кезеңде зияткерлік меншік объектілерін пайдаланатын субъектілерге әділет органдарымен 70 тексеру жүргізілді. Жүргізілген тексерулер нәтижесі бойынша 62 құқық бұзушылық анықталды. ӘҚтК 158 бабы бойынша (тауар таңбасын заңсыз пайдаланғаны үшін) 62 әкімшілік іс жүргізу қозғалды.

Қозғалған істер ішінде сот органдарына 62 іс жіберілді, оның ішінде қаралды – 55 іс (1 іс 2015 жылы қозғалған), қаралуда – 8 іс.

2016 жылдың 1 жартыжылдығына арналған СҚО Әділет департаменті бөлімдерінің жұмыс қорытындылары туралы ақпарат

2016 жылдың 1 жартыжылдығына арналған СҚО ӘД заңды тұлғаларды тіркеу бойынша жұмысты ұйымдастыру бөлімімен жасалған жұмыс туралы ақпарат

 

2016 жылдың 1 тоқсанына арналған СҚО Әділет департаментінің азаматтық хал актілерін тіркеуді және апостилдеуді қамтамасыз ету және бақылау бөлімімен жасалған жұмыс туралы ақпарат

2016ж. 1-ші тоқсаны ішінде Солтүстік Қазақстан облысының АХАТ органдарымен 5168 азаматтық хал актілері тіркелді.

Аналықпен балалықты қорғау – тууды ынталандыру жүйесін және көп балалы отбасын қолдау бойынша мемлекеттің әлеуметтік саясатының басым бағыттарының бірі болып табылады. Статистикалық мәліметтердің көрсетілімі бойынша, Солтүстік Қазақстан облысында демографиялық жағдай 2016 жылдың 1-ші тоқсанында қайтыс болудан туудың 57 акт жазбасына артық болуына байланысты оңтайлы деп есептеледі.

2016 жылтың 1 тоқсанына арналған СҚО Әділет департаментінің жеке сот орындаушыларының қызметін ұйымдастыру жөніндегі бөлімінің жасалған жұмысы туралы ақпарат

2016 жылдың 01.04. жағдайы бойынша Солтүстік Қазақстан облысының аумағында 29 жеке сот орындаушысы өз қызметін жүзеге асырады.

Есепті кезең ішінде Солтүстік Қазақстан облысының жеке сот орындаушыларының орындауына 8 млрд. теңгеден артық сомаға 8 392 құжат келіп түсті. Орындауда болған атқарушылық құжаттардың саны 36 млрд. теңгеден артық сомаға 26 102 құжатты құрады.

Аталған кезең ішінде өндіріспен 2 млрд. теңге сомасына 2 351 құжат аяқталды және орындауда болған өндірістің жалпы санынан  аяқталған атқарушылық өндірістің 9 % құрады.

2016 жылдың 1 тоқсанына арналған СҚО Әділет департаментінің жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу бойынша жұмысты ұйымдастыру бөлімімен жасалған жұмыс туралы ақпарат

2016 жылдың бірінші тоқсаны ішінде әділет басқармаларымен 12915 ХҚКО арқылы келіп түскен жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу, 1527 – электрондық тіркеу жүргізілді, алымның, сонымен бірге жеделдетілген тіркеу үшін алымның жалпы сомасы 22627942 теңгені құрайды.

Жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеуден бас тарту туралы 41 хабарлама шығарылды, 468 ақпараттық қызмет көрсетілді, жылжымайтын мүлікке құқық орнатушы құжаттардың 309 телнұсқасы берілді.

СҚО ӘД жеке сот орындаушыларының жұмысын ұйымдастыру

Үкіметтің кеңейтілген отырысында Қазақстан Республикасының Президенті бес институционалдық реформаны іске асыру бойынша 100 нақты қадамды белгілеп өтті. Атап айтқанда, жеке сот орындаушыларының институтын әрі қарай дамыту туралы, сонымен қатар сот орындаушыларының мемлекеттік қызметін кезең-кезеңмен қысқарту туралы айтылды.

СҚО аумағында жеке сот орындаушысының қызметімен айналысу құқығына лицензия 54 тұлғада бар, олардың ішінде бүгінгі күні өз қызметін 24 жеке нотариус жүзеге асырып отыр, бұл 2014 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 67%-ға артық екенін атап өткен жөн.

Беттер