-A A +A

Әділет департаментінің басшысы

Солтүстік Қазақстан облысы Әділет департаментінің басшысы Руслан Сұлтанұлы Кактай

Руслан Сұлтанұлы Кактай 1979 жылдың 6 желтоқсанында Қарағанды облысында дүниеге келді. Ұлты қазақ.

2000 жылы «Фемида» Қарағанды заң институтын «заңгер» мамандығы бойынша аяқтады. 2008 жылы Қарағанды экономикалық университетін «экономист» мамандығы бойынша аяқтады.

Өзінің еңбек қызметін 2001 жылы Қарағанды облысы бойынша Қаржы полициясы департаментінің экономикалық қылмыстарды анықтау бойынша басқармасының бөлімі инспекторының м.а. болып бастады. 2001-2011 жылдар аралығында Қарағанды облысы бойынша Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа күрес жөніндегі департаментінде (қаржы полициясы) түрлі лауазымдарда қызмет етті.

2011 жылдың қаңтарынан бастап 2011 жылдың мамырына дейін - Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі департаментінің экономикалық және қаржылық қылмыстарды ашу жөніндегі басқармасы 3 бөлімінің (қаржы полициясы) бастығы болды. 2011 жылдың мамырынан бастап 2012 жылдың маусымына дейін - Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі департаментінің экономикалық және қаржылық қылмыстарды ашу жөніндегі басқармасы (қаржы полициясы) бастығының орынбасары-басқарманың 1 бөлімінің бастығы болды.

2012 жылдың маусымынан бастап 2012 жылдың қазанына дейін – Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сот актілерін орындау комитеті тыйым салынған және мемлекет  кірісіне айналдырылған мүлікпен жұмысты ұйымдастыру басқармасының бастығы болды.

2012 жылдың қазанынан бастап 2015 жылдың сәуіріне дейін – ҚР Әділет министрінің көмекшісі болды.

2015 жылдың сәуірінен бастап 2015 жылдың тамызына дейін – ҚР Әділет министрлігінің Астана қ. Әділет департаменті басшысының орынбасары болды.

2015 жылдың тамызынан бастап 2016 жылдың сәуіріне дейін - ҚР Әділет министрлігінің Сот сараптамасы орталығының «Астана қ. сот сараптамасының орталық институты» ММ директоры болды.

2016 жылдың сәуірінен бастап 2016 жылдың сәуіріне дейін – ҚР Әділет министрлігінің Заңға тәуелді актілер департаментінің көлік, инфрақұрылым және телекоммуникация мәселелері бойынша заңға тәуелді актілерді сараптау басқармасының сарапшысы болды.

2016 жылдың 21 сәуірінен бастап Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаменті басшысының м.а. болып тағайындалды.

2016 жылдың 24 тамыздан бастап Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаменті басшысы болып тағайындалды.

Арнайы лауазымы бар – қаржы полициясының майоры.

Үйленген, 2 баланы тәрбиелеп отыр.