-A A +A

Уәлиханов ауданы

Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы Әділет басқармасының басшысы Айгүл Амангелдықызы Сағадиева

 

Айгүл Амангелдіқызы Сағадиева, 1976 жылдың 16 ақпанында Көкшетау облысы Қзылту ауданының Қзылту поселкесінде туды. 1992 жылы Көкшетау облысы Қызылту ауданы Қызылту поселкесінің № 1 орта мектебін бітірді. 1992 жылдан бастап 1995 жылға дейін Ақмола қаласының педагогикалық институтының шетел тілдер факультетінде оқыды.

2002 – 2006 жылдар аралығында Көкшетау мемлекеттік университетін оқып бітірді, оны бітіргенде «Заңгер» мамандығы  берілді. Университетті аяқтағаннан кейін Уәлиханов ауданының МКШ бөлімінің жетекші маманы болып жұмыс істеді. 2010 жылдан бастап СҚО Уәлиханов ауданы Әділет басқармасының жетекші маманы, 2012 жылдан бастап СҚО Уәлиханов ауданы Әділет басқармасының бас маманы болып ауыстырылды.

2014 жылдың 26 наурызынан қазіргі уақытқа дейін - СҚО Уәлиханов ауданы Әділет басқармасының басшысы.

Ажырасқан, екі баласы бар.