-A A +A

Тайынша ауданы

Солтүстік Қазақстан облысының Тайынша ауданы әділет басқармасының басшысы Евгений Сергеевич Грищенко

 

Евгений Сергеевич Грищенко 1985 жылғы 21 сәуірде Көкшетау облысы Красноармейский ауданының Красноармейск қ. туды. 2002 жылы Тайынша қ. №1 орта мектебін бітірді.

2002 жыл мен 2006 жыл аралығында М.Қозыбаев ат. СҚМУ оқыды, оны оқып бітірген соң «Заңтану бакалавры» біліктілігін алды.

ЖОО  аяқтаған соң Тайынша аудандық сотында жетекші маман болып қызмет атқарды. 2010 жылдан бастап Тайынша аудандық сотының сот отырысының бас маман-хатшы лауазымына ауыстырылды. 2010 жылғы желтоқсаннан бастап Тайынша қаласы әкімінің құқықтық мәселелер бойынша кеңесшісі лауазымына ауыстырылды, 2011 жылғы қаңтардан бастап Тайынша қаласы әкімінің орынбасары лауазымына тағайындалды, 2011 жылғы қарашадан бастап Тайынша ауданы Яснополянский селолық округі әкімінің лауазымына тағайындалды. 2012 жылдан бастап коммерциялық ұйымдарда түрлі лауазымдарда қызмет атқарды.

2015 жылдың 20 сәуірінен бастап қазіргі уақытқа дейін Тайынша ауданы әділет басқармасының басшысы болып табылады.

Үйленген, екі баласы бар.