-A A +A

Тимирязев ауданы

Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязево ауданы әділет басқармасының басшысы Ляйля Қадырқызы

 

Ляйля Қадырқызы 1983 жылдың 12 ақпанында Солтүстік Қазақстан облысы Соколов ауданы 2 Красный Яр  селосында туды. 1989 жылдан бастап 1997 жылға дейін Түмен облысы  Казанское ауданының Ельцовский орта мектебінде оқыды. 1997-1999 жылдар аралығында Петропавл экономикалық лицейінде оқыды. 1999 жылы Петропавл экономикалық колледжіне түсті. 2001 жылы аяқтап, заңгер мамандығы, құқықтанушы біліктілігі бойынша диплом алды. 2004 жылы заңгер мамандығы, құқық танушы біліктілігі бойынша Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін аяқтады.

2002 жылдың 3 шілдесінде Солтүстік Қазақстан облысы әділет басқармасының заңды тұлғаларды тіркеу бөлімінің маманы лауазымына қабылданды. 2004 жылдың ақпанында Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы әділет бөлімінің маманы лауазымына ауыстырылды. 2005 жылдың ақпанында Солтүстік Қазақстан облысы Әділет департаменті заңды тұлғаларды тіркеу бөлімінің бас маманы лауазымына ауыстырылды. 2005 жылдың сәуірінде Солтүстік Қазақстан облысы Шал Ақын ауданы әділет басқармасының жетекші маманы лауазымында жұмыс істеді. 2006 жылдың сәуір айында Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әділет басқармасының бас маманы лауазымына ауыстырылды. 2007 жылдың маусымында аударым тәртібінде Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әділет басқармасының бастығы лауазымына тағайындалды. 2010 жылдың қарашасында аударым тәртібінде Солтүстік Қазақстан облысы Әділет департаменті заңды тұлғаларды тіркеу бөлімінің бастығы лауазымына тағайындалды.

2012 жылдың наурызынан бастап 2016 жылдың қараша айына дейін – СҚО Ақжар ауданы әділет басқармасының бастығы лауазымы қызметін атқаруда.

2016 жылдың қарашасынан бастап қазіргі уақытқа дейін СҚО Тимирязево ауданы әділет басқармасының бастығы лауазымы қызметін атқаруда.