-A A +A

Шал ақын ауданы

Солтүстік Қазақстан облысының Шал ақын ауданы әділет басқармасының басшысы Ельмира Балтабайқызы Сәрсенбаева

 

Ельмира Сәрсенбайқызы Балтабаева 1984 жылғы 13 желтоқсанда Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданының Дмитриевка с. туды.

2002 жылы Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданының Дмитриевка с. Дмитриевка агроколледжін бітірді. 2002 жыл мен 2007 жыл аралығында М.Қозыбаев ат. СҚМУ оқыды, оны оқып бітірген соң «инженер» біліктілігін алды. 2009 жыл мен 2010 жыл аралығында «Көкше» академиясында оқыды, оны оқып бітірген соң «Заңтану» біліктілігін алды.

Өзінің еңбек жолын 2007 жылғы қарашадан Солтүстік Қазақстан облысының Шал ақын ауданы әділет басқармасының бас маманы болып бастады. 2010 жылдың маусым айында Солтүстік Қазақстан облысының Петропавл қ. әділет басқармасының бас маманы болып ауыстырылды. 2012 жылдың ақпан айынан бастап Солтүстік Қазақстан облысының Қызылжар ауданы әділет басқармасының мұрағатшысы болып қызмет атқарды. 2012 жылдың шілде айынан бастап осы басқарманың бас маманы болды. 2014 жылдың ақпан айында Солтүстік Қазақстан облысы Әділет департаментінің азаматтық хал актілерін тіркеуді қамтамасыз ету мен бақылау және апостилдеу бөлімінің жетекші маманы лауазымына ауыстырылды.

2015 жылдың маусымынан бастап Шал ақын ауданы әділет басқармасының басшысы болып тағайындалды.

Тұрмыста болған жоқ, балалары жоқ.