-A A +A

Мамлют ауданы

Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданының Әділет басқармасының басшысы Нұралина Әйгерім Ғалымқызы

 

Нұралина Әйгерім Ғалымқызы 1983 жылы 26 қарашада Солтүстік Қазақстан облысы Бишкуль ауданының Бишкуль с. туды. 2001 жылы Солтүстік Қазақстан облысы Бишкуль ауданының Бишкуль с. № 2 Бишкуль орта мектебін тәмамдады.

2001 жылдан бастап 2005 жылға дейін М.Қозыбаев ат. СҚМУ оқып, аяқтады, аяқтаған соң «Жаратылыстану бакалавры» біліктілігін алды. 2005 жылдан бастап 2008 жылға дейін М.Қозыбаев ат. СҚМУ оқып бітірді, аяқтаған соң «Юриспруденция» біліктілігін алды.

Өз еңбек жолын 2006 жылдың қаңтарынан бастап, Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімнің құпия бөлімінің ЭЕМ операторы лауазымынан бастады. 2007 жылғы қаңтар айынан аталмыш бөлімнің кадрлар жөніндегі инспекторы лауазымына ауыстырылды. 2007 жылдың тамызынан Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданының Әділет басқармасының мұрағатшысы болып жұмыс істеді. 2007 жылғы қараша айында аталмыш басқарманың жетекші маманына ауыстырылды. 2008 жылғы қараша айынан бастап бас маманның лауазымына ауыстырылды.  2014 жылғы наурыз айында Солтүстік Қазақстан облысы Әділет департаментінің заңды тұлғаларды тіркеу бойынша жұмысты ұйымдастыру бөлімінің бас маманы лауазымына ауыстырылды.

2014 жылғы 23 сәуірден бастап қазіргі уақытқа дейін - Солтүстік Қазақстан облысының Мамлют ауданы Әділет басқармасының басшысы.