-A A +A

Қызылжар ауданы

Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы әділет басқармасының басшысы Серік Төлегенұлы Қаскин

 

Серік Төлегенұлы Қаскин 1975 жылғы 12 тамызда Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының Явленка с. туды. 1992 жылы Солтүстік Қазақстан облысы Соколов ауданы Соколовка с. В.И. Ухабов ат. орта мектебін аяқтады.

2003 жылы Астана қ. Қазақ гуманитарлық-заңгерлік университетін аяқтап, «Заңгер» біліктілігін алды. ЖОО аяқтаған соң «СҚО бойынша жылжымайтын мүлік орталығы» РМК директорының орынбасары болып тағайындалды. 2005 жылы Президенттің Жарлығы бойынша СҚО Қызылжар аудандық сотының төрешісі болып тағайындалды. 2010 жылдан бастап СҚО Әділет департаменті құқықтық түсіндіру жұмысы және халыққа заңгерлік қызмет көрсету бөлімінің бастығы лауазымына тағайындалды.

2011 жылдың 21 ақпанынан бастап қазіргі уақытқа дейін – СҚО Қызылжар ауданы әділет басқармасының басшысы.

Үйленген. Екі баласы бар.