-A A +A

М. Жұмабаев ауданы

Солтүстік Қазақстан облысы М.Жұмабаев ауданы әділет басқармасының басшасы Серік Кәрімұлы Есілбаев

 

Серік Кәрімұлы Есілбаев, 1976 жылы 24 желтоқсанда туған, Солтүстік Қазақстан облысы,  Жамбыл ауданы, Троицкое селосының тумасы. 1993 жылы Троицкое орта мектебін аяқтады. 1996 жылы Есіл ауданы Покровка селосындағы ауылшаруашылығы техникумының ветеринария бөлімін оқып аяқтады. 2002 жылы Есіл ауылшаруашылық колледжін аяқтап «Заңгер» біліктілігін алды. 2006 жылы Көкшетау университетін заңтану мамандығы бойынша бітірді.

         2003 жылдан бастап 2005 жылға дейін Есіл ауданының санэпидемиологиялық станциясында ЭВМ операторы болып жұмыс істеді. 2005 жылдан бастап 2006 жылға дейін Есіл ауданының санэпидқадағалау басқармасында құқықтық сұрақтар бойынша инспектор болды. 2006 жылдың 18 мамырынан бастап Есіл аудандық сотында жетекші маман-сот жасауылы қызметін атқарды. 2007 жылдың 13 наурызынан бастап 2010 жылдың 25 ақпанына дейін Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының әділет басқармасына жетекші маман ретінде қабылданды. 2010 жылдың 25 ақпанынан бастап 2010 жылдың 14 мамырына дейін Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының әділет басқармасының бас маманы болып жұмыс істеді.

2010 жылдың 14 мамырынан бастап қазіргі уақытқа дейін Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы әділет басқармасының басшысы болып жұмыс істейді.

         Үйленген. Екі баласы бар.