-A A +A

Есіл ауданы

Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әділет басқармасының басшысы Юрий Александрович Николаев

 

 Юрий Александрович Николаев 1965 жылдың 15 наурызында туды.

 1996 жылы «құқықтану» мамандығы бойынша Е.А.Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін аяқтады.

  Ю.А. Николаев өзінің еңбек қызметін 1985 жылдың наурыз айынан Солтүстік-Қазақстан облысы Ленин ауданы  «Мерекен» совхозы №1 бөлімінің мал дәрігер санитары болып бастады. 1985 жылдың желтоқсанынан бастап 1987 жылдың мамырына дейін Кеңес әскері қатарында әскери борышын өтеді, Ауғаныстан Демократиялық Республикасында  өзінің интернационалдық борышын орындады. Ауғаныстан Республикасының «Батылдығы үшін» ордені, «Ерлігі үшін» медалі, «Ауғаныстан халқының алғысы үшін» медалі, «КСРО Қарулы күштеріне 70 жыл» медалі, «Ауғаныстан Демократиялық Республикасынан Кеңес әскерінің шығарылуына «10», «15», «20», «25 жыл» медалі, КСРО Жоғары Кеңес Төралқасының құрметтеу грамотасы сияқты мараппаттары бар, ҚР Әділет Министрінің, Солтүстік-Қазақстан облысы әкімінің, аудан әкімінің құрметтеу грамоталарымен әлденеше рет марапатталды.

1992 жылддың шілдесінен бастап аудандық халық депутаттары Кеңесінің аға референті қызметін атқарды. 1994 жылдың сәуір айынан бастап Солтүстік Қазақстан облысы Ленинский ауданы аға салық инспекторы болып істеді, кейін салық инспекторы, кейін азаматтардан салық жинаушы қызметкерлердің бөлім бастығы болды. 1997 ж. тамыз айынан – 2005 ж. қаңтар айына дейін Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы прокурорының көмекшісі болып жұмыс істеді.

             Николаев Ю.А. 2005 ж. қаңтар айынан Әділет басқармасында, Есіл ауданы  Әділет басқармасының бастығы дәрежесінен бастады. 2005 жылы наурыз айынан – қазіргі уақытқа дейін Солтүстік-Қазақстан облысы  Есіл ауданы Әділет басқармасының басшысы қызметін атқаруда.

            Аң аулау, балық аулаумен және тарихи және әдеби шығармашылықтарымен  қызығады.

           Үйленген, екі баланы тәрбиелеуде.