-A A +A

Аққайын ауданы

Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әділет басқармасының басшысы - Әлия Сабыржанқызы Сәрсекеева

 

Әлия Сабыржанқызы Сәрсекеева 1980 жылы 03 қаңтарда туған, СҚО Совет ауданы Смирново селосының тумасы. 2001 жылы Манаш Козыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін «Математика» мамандығы бойынша, 2003 жылы Манаш Козыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін «Заңтану» мамандығы бойынша бітірді.

С 2001 жылдың 01 қыркүйегінен бастап 2005 жылдың 01 тамызына дейін №1 Смирново орта мектебінде математика мұғалімі, 2005 жылдың 01 тамызынан бастап 2013 жылдың шілдесіне дейін СҚО Аққайың ауданы әділет басқармасының жетекші маманы, 2013 жылдың шілдесінен бастап 2014 жылдың 19 ақпанына дейін Аққайың ауданы әділет басқармасының бас маманы ретінде қызмет атқарды.

2014 жылдың 19 ақпанынан бастап қазіргі уақытқа дейін СҚО Аққайың ауданының ӘБ басшысы болып қызмет етуде.

Ұл бала тәрбиелеуде.