-A A +A

Ақжар ауданы

Солтүстік Қазақстан облысының

Ақжар ауданы әділет басқармасының басшысы

Жеңіс Абайұлы Садуев

Жеңіс Абайұлы Садуев 1976 жылы 9 мамырда Омбы облысы Исилькуль ауданы Новолосево селосында туды. 1983 жылдан бастап 1987 жылға дейін Омбы облысы Исилькуль ауданы Новолосево орта мектебінде оқыды. 1987 жылдан бастап 1993 жылға дейін Көкшетау облысы Ленинград ауданының Ащыкөл орта мектебінде оқыды.

1993-1999 жылдар аралығында Ш.Уәлиханов ат. Көкшетау университетінде оқыды. 1999 жылы аталған оқу орнында «Экономика және АӨК саласында басқару» мамандығы бойынша, «Инженер-экономист» біліктілігімен толық курсын аяқтады.

1999-2000 жылдар кезеңі ішінде Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде қызмет етті. 2014 жылы «Заң бакалавры» біліктілігін иелене отырып, «Заңтану» мамаандығы бойынша «Көкше» Академиясының толық курсын аяқтады.

2001 жылдың наурызы мен 2004 жылдың қаңтары аралығында Ақмола облысы Әкімшілік соттарының Шортанды аумақтық учаскесінің аға сот орындаушысы лауазымында қызмет атқарды. 2008 жылдың сәуірі мен 2008 жылдың қарашасы аралығында – Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бас бүхгалтері болды. 2008 жылдың қарашасы мен 2011 жылдың қыркүйегі аралығында - Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы бойынша Салық басқармасының бас маманы болды. 2011 жылдың қыркүйегі мен 2016 жылдың желтоқсаны аралығында - Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы Әділет басқармасының бас маманы болды.

2016 жылдың 8 желтоқсанында Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы Әділет басқармасының басшысы болып тағайындалды.