-A A +A

Жеке сот орындаушыларының қызметін ұйымдастыру жөніндегі бөлімі

Солтүстік Қазақстан облысы Әділет департаменті жеке сот орындаушыларының қызметін ұйымдастыру жөніндегі бөлімі

 

Бөлім басшысы: Айжан Бірлестікқызы Бимаканова

Байланыс телефоны: 33-32-02

Электрондық мекен-жайы: a.bimakanova@adilet.gov.kz

 

Бөлімнің міндеттері: Атқару құжаттарын тиісті дәрежеде орындау; сот шешімдерінің, ұйғарымдары мен қаулыларын міндетті және уақытында орындалуына бақылау жүргізу; жеке сот орындаушыларының қызметін ұйымдастыру; жасалған атқарушылық іс-әрекеттердің заңдылығына және жеке сот орындаушыларының іс жүргізу ережелерін сақтауына бақылау жүргізу.

 

Бөлімнің функциялары:

1) белгіленген тәртіпте жеке және заңды тұлғалардың шағымдары мен өтініштерін, жеке сот орындаушыларының сот актілерін, құқық қорғау органдарының процесуалдық құжаттарын, жеке сот орындаушылары мен ұйымның қызметімен байланысты жеке сот қаулыларын орындау мәселелері бойынша прокурорлық елеу актілерін қарайды;

2) жасалған атқарушылық іс-әрекеттердің заңдылығына және мемлекеттік сот орындаушыларының іс жүргізу ережелерін сақтауына бақылау жүргізеді;

3) «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» ҚР Заңының талаптарын және атқарушылық іс жүргізу саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасының басқа да нормаларын жеке сот орындаушыларының орындауына бақылауды жүзеге асыру;

4) атқарушылық іс жүргізудің есептілігі мен есепке алынуының дұрыстығына, сонымен қатар жеке сот орындаушылары мұрағатының жағдайына бақылауды жүзеге асырады;

5) жеке сот орындаушыларының жеке сот орындаушысының Кәсіби ар-намыс кодексін сақтауына және олардың жеке сот орындаушыларының аумақтық алқа жарлығының талаптарын орындауына бақылауды жүзеге асырады;

6) сот актілерін орындау мәселелері бойынша әдістемелік ұсыныстар әзірлейді;

7) жеке сот орындаушысы лицензиясының әрекетін тоқтату туралы ұсыныстар енгізеді;

8) жеке сот орындаушылары қызметінің мәселелері бойынша ҚР Әділет министрлігінің, Әділет департаменті басшысының, Әділет департаменті басшысы орынбасарының бақылау тапсырмаларын орындайды;

9) жеке сот орындаушыларының кәсіби деңгейін көтеру үйлесімдігін жүзеге асырады.