-A A +A

Атқарушылық іс жүргізуді есепке алу және бақылау бөлімі

Солтүстік Қазақстан облысы Әділет департаментінің атқарушылық іс жүргізуді есепке алу және бақылау бөлімі

 

Бөлімнің басшысы: Лариса Николаевна Кудрицкая

Байланыс телефоны: 53-11-39

Электрондық мекен-жайы: l.kudritskaya@adilet.gov.kz

 

Бөлімнің міндеттері: Атқару құжаттарын тиісті дәрежеде орындау; сот шешімдерінің, ұйғарымдары мен қаулыларын міндетті және уақытында орындалуына бақылау жүргізу; мемлекеттік сот орындаушыларының қызметін ұйымдастыру; жасалған атқарушылық іс-әрекеттердің заңдылығына және мемлекеттік сот орындаушыларының іс жүргізу ережелерін сақтауына бақылау жүргізу.

 

Бөлімнің функциялары:

1) белгіленген тәртіпте жеке және заңды тұлғалардың шағымдары мен өтініштерін, мемлекеттік сот орындаушыларының сот актілерін орындау мәселелері бойынша прокурорлық елеу актілерін қарайды;

2) аумақтық бөлімдердің мемлекеттік сот орындаушыларының қызметіне атқару құжаттарын уақтылы және сапалы орындау бойынша бақылауды жүзеге асырады;

3) жасалған атқарушылық іс-әрекеттердің заңдылығына және мемлекеттік сот орындаушыларының іс жүргізу ережелерін сақтауына бақылау жүргізеді;

4) «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» ҚР Заңының талаптарын және атқарушылық іс жүргізу саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасының басқа да нормаларын мемлекеттік сот орындаушыларының орындауына бақылауды жүзеге асыру;

5) мемлекеттік сот орындаушылары қызметінің мәселелері бойынша Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Сот актілерін орындау жөніндегі департаментінің, Департамент басшысының, Департамент басшысы орынбасарының тапсырмаларын орындайды;

6) мемлекеттік сот орындаушыларының кәсіби деңгейін көтеру үйлесімдігін жүзеге асырады.