-A A +A

Персоналмен жұмыс және ішкі қауіпсіздік бөлiмі

Солтүстік Қазақстан облысы Әділет департаментінің

       персоналмен жұмыс және ішкі қауіпсіздік бөлiмі

 

Бөлімнің басшысы: Гүлмира Қалымжанқызы Бекқожина

Байланыс телефоны: 33-37-32

Электрондық мекен жайы: bekkozhina_g@minjust.kz

 

Бөлімнің міндеттері: Әділет департаменті мен құрылымдық бөлімшелер жұмысын ұйымдастырудың сапасын жақсартатын жаңа тәсілдерді іздестіру және енгізу, сонымен қатар жұмысты ұйымдастырудың жаңа нысандары мен тәсілдерін зерделеу және енгізу.

 

Бөлімнің функциялары:

1) заңдылық пен тәртіптің тиісті жағдайын қамтамасыз ету бойынша шараларды жүзеге асыру, сонымен бірге өз қатарында сыбайлас жемқорлықпен күрестің нысандары мен тәсілдерін жетілдіру;

2) Әділет департаменті және басқармаларында қызметтік және атқарушылық тәртіпке бақылауды жүзеге асыру;

3) Департамент басшысыбұйрықтарының жобасын әзірлеу;

4) Міндетті түрде Министрлікпен келісуін талап ететін лауазымдар тізбесіне кіретін лауазымдарға қатысты Әділет департаменті және басқармалары қызметкерлерін тағайындау, босату және ауыстыру үшін құжаттарды әзірлеу;

5) Әділет департаменті және басқармаларының қызметкерлеріне жеке ісін жүргізу, есепке алу, сақтау және қызметтік куәліктер, еңбек кітапшаларын және басқа кадрлік құжаттарын жүргізу;

6) Әділет департаменті және басқармаларының әкімшілік мемлекеттік лауазымдарының біліктілік талаптарының жиынтығын әзірлеу;

7) Департаменттің аттестаттау, конкурстық, тәртіптік комиссия, Департамент және әділет басқармалары қызметшілерінің еңбек өтілін есептеу жөніндегі комиссия қызметін қамтамасыз ету;

8) әкімшілік мемлекеттік қызметкердің ант қабылдауын ұйымдастыру;

9) жүргізілген конкурстар нәтижелері және ішкі кадр резерві бойынша әкімшілік мемлекеттік қызметкердің бос лауазымына орналастыру үшін ішкі кадр резервін қалыптастыру;

10) Әділет департаменті, басқармалары мен филиалдар қызметкерлерін біліктілік көтеру курстарына жіберу;

11) Әділет департаменті және басқармалары қызметкерлерінің уақытша еңбекке жарамсыздығы туралы парақтарын есепке алу;

12) кадр құрамы және тұрақсыздығы туралы, тәртіптік практика, өткізілген конкурстар нәтижесі туралы және т.б. статистикалық есеп әзірлеу;

13) «Е-Қызмет» электрондық деректер базасын қалыптастыру және оны актуалды жағдайда ұстау;

14) Әділет департаменті қызметкерлерін есепке алу және бекітіп қою бойынша жұмыс жүргізу;

15) СҚО Әділет департаменті қызметкерлерінің жұмыс уақытын есепке алу тәбілін жүргізу;

16) қызметкерлердің Т-2 нысандағы жеке карточкаларын жүргізу;

17) Әділет департаментінің, басқармаларының және филиалдардың қызметкерлеріне қатысты қызметтік тексерістер жүргізу;

18) мемлекеттік қызмет туралы Қазақстан Республикасының заңнамасын орындау бойынша мемлекеттік органдар құрылымдық бөлімшелерінің қызметін үйлестіру;

19) мемлекеттік қызметте болумен байланысты шектеулердің сақталуын қамтамасыз ету;

20) қызметкерлерді көтермелеу үшін ұсыныстар енгізу;

21) қызметтік тексерістер өткізу туралы Департамент басшысына қызметтік жазбалар енгізу;

22) тәртәптәк іс жүргізу бойынша құжаттар жүргізу, тәртіптік комиссиялар отырыстарын өткізу үшін материалдар жинау және дайындау.