-A A +A

Ұйымдастыру-талдау жұмысы бөлімі

Солтүстік Қазақстан облысы Әділет департаментінің ұйымдастыру-талдау жұмысы бөлімі

 

Бөлімнің басшысы: Жүлдуз Муратқызы Баймашева

Байланыс телефоны: 33-18-06

Электрондық мекен жайы: zh.baimasheva@adilet.gov.kz

 

Бөлімнің міндеттері: Әділет департаменті, құрылымдық бөлімшелері жұмысын ұйымдастыру сапасын жақсартатын жаңа тәсілдер іздеу және енгізу, сонымен қатар жұмысты ұйымдастырудың жаңа нысандары мен әдістерін зерделеу және енгізу; Әділет департаменті жұмысын ұйымдастыру және құрылымдық бөлімшелер қызметіне бақылау жүргізу; сот шешімдерінің, ұйғарымдары мен қаулыларын міндетті және уақытында орындалуына бақылау жүргізу; іс жүргізуге мемлекеттік тілді енгізу бойынша жұмысты ұйымдастыру; жасалған атқарушылық іс-әрекеттердің заңдылығына сондай-ақ мемлекеттік және жеке сот орындаушыларының іс жүргізу ережелерін сақтауына бақылау жүргізу.

 

Бөлімнің функциялары:

1) Әділет департаментінің құрылымдық бөлімшелері арасында үйлестіруды қамтамасыз етеді, ҚР Әділет министрлігін хабардар етеді;

2) Әділет департаментінің, әділет органдары үйлестіру кеңесінің алқа отырыстарының, аппараттық отырыстарының және Әділет департаментінде өткізілетін басқа да іс-шаралардың дайындығын ұйымдастырады;

3) Әділет департаменті жұмысының ағымдағы және келешекке арналған жоспарлауын ұйымдастырады және бақылайды;

4) аппаратта, құрылымдық бөлімшелерде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі міндеттерінің, бақылау тапсырмаларының, мемлекеттік органдардан Әділет департаментіне келіп түскен құжаттардың орындалуын ұйымдастыруды қамтамасыз етеді;

5) Әділет департаменті, құрылымдық бөлімшелер аппараттарында мақсатты, кешенді тексерістер ұйымдастырады және жүргізеді;

6) Әділет департаменті жұмысына талдау және қорытындылау жасайды;

7) Министрліктің бақылау тапсырмаларын орындайды және Министрлік пен басқа да мемлекеттік органдарға есептер жолдайды;

8) сот актілерін орындау мәселелері бойынша әдістемелік ұсыныстар әзірлейді;

9) кінәлі қызметкерлерді тәртіптік жауапкершілікке тарту туралы ұсыныстар енгізеді;

10) атқару құжаттарының орындалуы бойынша ақпараттардың талдауын, қорытындылауын жасайды;

11) сот орындаушыларының кәсіби деңгейін көтеру үйлесімдігін жүзеге асырады.