-A A +A

Бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімі

Солтүстік Қазақстан облысы Әділет департаментінің бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімі

 

Бөлімнің басшысы: Ақсұлу Болатқызы Әлімжанова

Байланыс телефоны: 50-07-04,33-23-80

Электрондық мекен-жайы: a.alimzhanova@adilet.gov.kz

 

Бөлімнің міндеттері: Департаменттегі құжаттармен жұмыс әдістерін және нысандарын жетілдіру; құжаттаудың, құжаттармен жұмысты ұйымдастырудың, ақпараттық-іздеу жүйелерін құру және жүргізудің, құжаттардың орындалуын және Департаменттің ведомстволық мұрағатына беру үшін құжаттардың дайындалуын бақылаудың бірыңғай тәртібін қамтамасыз ету; ұйымдастыру және есептеу техникасының құралдарын пайдалану негізінде құжаттармен және құжаттамалық ақпаратпен жаңа технологиялық процестер енгізу, сонымен қатар құжаттар құрамы мен ақпараттық көрсеткіштерді ретке келтіру, Департаменттің құрылымдық бөлімшелерімен ҚР Әділет министрлігінің бақылау тапсырмаларының уақтылы орындалуына бақылау жүргізу; бақылау тапсырмаларын уақытында және сапалы орындау, Департамент аппараты мен аумақтық бөлімдерін келіп түскен қажетті ақпараттармен қамтамасыз ету бойынша бөлім жұмысын ұйымдастыру.

 

Бөлімнің функциялары:

1) Ұйым қызметінде пайда болатын құжаттардың топтастырылуын әзірлейді және жетілдіреді;

3) құжаттардың бастапқы өңделуін, алдын ала қаралуын, тіркелуін, есепке алынуын, сақталуын, жеткізілуін және таратылуын жүзеге асырады;

4) ұйым басшысымен құжаттардың уақтылы қаралуын ұйымдастырады, басшыға қол қоюға ұсынылған құжаттардың ресімделуіне бақылауды жүзеге асырады;

5) белгіленген мерзімдерде құжаттардың орындалуына бақылауды жүзеге асырады, ұйым басшысын құжаттардың орындалуы туралы хабардар етеді;

6) бақылау-анықтамалық және басқа картотеканы қалыптастырады және жүргізеді;

7) құжаттардың басылуын, көшірмесі жасалуын және көбеюін ұйымдастырады;

8) іс жүргізу және құжаттау мен құжаттамамен басқару бойынша басқа нормативтік-әдістемелік құжаттар жөнінде нұсқаулықтар әзірлейді;

9) Департаменттің іс номенклатурасын құрады, істердің жедел сақталуын және олардың белгіленген тәртіпте ведомстволық мұрағатқа берілуіне дейін пайдаланылуын қамтамасыз етеді;

10) құжаттармен жұмыс істеу нысандары мен әдістерін жетілдіру, атқарушылық тәртібін көтеру бойынша іс-шаралар әзірлейді;

11) бөлімдерде істердің дұрыс ресімделуі мен қалыптасуына бақылауды жүзеге асырады, Департаменттің ведомстволық мұрағатына жолдау мақсатында құжаттар құндылығының сараптамасын ұйымдастырады;

12) құжаттау және құжаттамамен басқару мәселелері бойынша семинар-кеңестер мен кеңестер өткізеді;

13) тіркеу-бақылау карточкаларын тіркеуді, есепке алуды, ресімдеу мен жүргізуді жүзеге асырады, СҚО бойынша ҚР Бас прокуратурасының ҚС және АЕКБ-на «Азаматтар мен заңды тұлғалардың өтініштерін қарау туралы» №1-ОЛ нысанды статистикалық есебін қалыптастырады және ұсынады;

14) СҚО Әділет департаментінің құрылымдық бөлімшелерінің ЭҚАБЖ базасына мәліметтердің дұрыс енгізілуінің ай сайынғы талдауын жүргізеді;

15) ҚР Әділет министрлігіне есептер мен ақпараттар ұсынады.