-A A +A

Қаржы және материалдық-техникалық қамтамасыз ету бөлiмi

Солтүстік Қазақстан облысы Әділет департаментінің

қаржы және материалдық-техникалық қамтамасыз ету бөлiмi

 

Бөлімнің басшысы: Эльмира Асхатовна Сулейманова

Байланыс телефоны: 33-18-77

Электрондық мекен-жайы: e.suleimanova@adilet.gov.kz

 

Бөлімнің міндеттері: мекеменің қызметі және оның мүліктік жағдайы туралы толық және дәлелді ақпарат қалыптастыру; мекеменің шаруашылық операцияларын дұрыс жүзеге асыруы мақсатында мекеме басшысын ақпаратпен қамтамасыз ету; бекітілген нормаларға, нормативтер және сметаға сәйкес материалдық және  қаржы ресурстарын пайдалану, мүліктер мен міндеттердің қозғалысы және қолдағы есебін қамтамасыз ету; субъектінің шаруашылық іс-әрекетінің теріс нәтижелерін болдырмау.

 

Бөлімнің функциялары:

  1. Бухгалтерлік есептің дұрыс ұйымдастырылуын қамтамасыз ету;
  2. жасалатын операциялардың заңдылығын және құжаттарды дұрыс ресімдеу мен мерзімінде жүзеге асырылуын алдын ала бақылау;
  3. ашық несиелерге сәйкес қаражат шығынын үнемдеу мен дұрысын бақылау және бюджет бойынша бекітілген мақсатты тағайындалған шығыс сметамен оларға енгізілген белгіленген тәртіптегі өзгертулер, сондай-ақ ақшалай қаражат пен материалдық игіліктердің сақталуы;
  4. қызметкерлер мен жұмысшыларға жалақы төлемін мерзімінде есептеу және төлеу;
  5. кәсіпорындармен, мекемелер және жеке тұлғалармен қаржылау жоспарын орындау процесінде туындайтын есептерді мерзімінде жүргізу;
  6. ақшалай қаражатқа түгендеу жүргізуге қатысу, есептер мен материалдық игіліктер, түгендеу нәтижесін мерзімінде және дұрыс анықтау, оның есептігін көрсету;
  7. бухгалтерлік есепті белгіленген мерзімінде дайындау және тапсыру;
  8. активтерді, қорлар мен басқа материалдық құндылықтардың сақталу және пайдалануын бақылауды жүзеге асыру;
  9. бухгалтерлік құжаттарды сақтау, шығыс смета есебінің тізілімін, оларға есептер, сондай-ақ белгіленген тәртіпте оларды мұрағатқа тапсыру.