-A A +A

Зияткерлік меншік құқықтары жөніндегі бөлімі

Солтүстік Қазақстан облысы Әділет департаментінің

зияткерлік меншік құқықтары жөніндегі бөлімі

 

Бөлімнің басшысы: Бейбіт Орманұлы Қазбеков

Байланыс телефоны: 33-39-63

Электрондық мекен-жайы: b.kazbekov@adilet.gov.kz

 

Бөлімнің міндеттері: Зияткерлік меншік құқығын қорғау саласында мемлекеттік саясатты жүзеге асыру бойынша ұсыныстар әзірлеуге қатысу; өнеркәсіп меншігі объектілері, сабақтас құқық объектілері және шығармалар құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету; зияткерлік меншік құқығын қорғау саласында түсіндіру жүмысын жүргізу, құқықтық білімді насихаттау.

Бөлімнің функциялары:

1) Зияткерлік меншік құқығын қорғау саласында нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуге қатысады;

2) зияткерлік меншік құқығын қорғау мәселесі бойынша азаматтар мен ұйымдарға кеңес береді;

3) әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы хаттамалар әзірлейді;

4) зияткерлік меншік саласында ақпараттық-баспа қызметін ұйымдастырады;

5) өнертапқыш және шығармашылық бірлестік пен ұйымдар қызметін үйлестіреді;

6) ұжымдық негізінде авторлардың мүліктік құқықтарын басқаратын ұйымдардың қызметіне бақылауды жүзеге асырады;