-A A +A

Нормативтік құқықтық актілерді тіркеу бөлімі

Солтүстік Қазақстан облысы Әділет департаментінің

нормативтік құқықтық актілерді тіркеу бөлімі

 

Бөлімнің басшысы: Қанат Аманжолқызы Таласбаева

Байланыс телефоны: 33-05-70

Электрондық мекен-жайы: k.talasbaeva@adilet.gov.kz

 

Бөлімнің міндеттері: Азаматтардың құқықтарына, бостандықтарына және мүдделеріне қатысты Қазақстан Республикасының жергілікті өкілетті және атқарушы органдарының нормативтік құқықтық актілеріне құқықтық талдау жасау және оларды тіркеу; белгіленген тәртіпте тіркелген жергілікті мемлекеттік басқару органдарының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу реестрін жүргізу; Қазақстан Республиасының Әділет министрлігіне нормативтік құқықтық актілерді тіркеу туралы ақпарат ұсыну; тіркелген нормативтік құқықтық актілер туралы мүдделі мемлекеттік органдарға, ұйымдарға және азаматтарға ақпарат ұсыну; нормативтік құқықтық актілерді тіркеу саласында қолданыстағы заңнамаларға талдау жасау және оны жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізу; нормативтік құқықтық актілерді тіркеу тәртібін реттейтін заңнамалардың сақталуына тексерістер жүргізу мәселелері бойынша прокуратура органдарымен өзара іс-әрекет жасау; заң бұзушылықтары аңықталған жағдайда ұсыныстар енгізу және әкімшілік іс жүргізу.

 

Бөлімнің функциялары:

1) Азаматтардың құқытарына, бостандықтарына және міндеттеріне қатысты Қазақстан Республикасының жергілікті өкілді және атқарушы мемлекеттік басқару оргадарының нормативтік  құқықтық атілерін мемлекеттік тіркеу және құқықтық сараптама жүргізеді;

2) белгіленген тәртіпте  тіркелген нормативтік құқықтық  актілердің  мемлекеттік  тіркеу реестрін жүргізеді;

3) нормативтік құқықтық актілерді тіркеу мәселелері бойынша  мемлекеттік орғандарға кеңестік және әдістемелік көмек көрсетеді;

4) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне  нормативтік құқықтық актілерді  тіркеу туралы есептер ұсынады;

5) мүдделі мемлекеттік  органдардың, ұйымдардың және азаматтардың  сұраулары бойынша тіркелген нормативтік құқықтық актілер туралы ақпарат ұсынады;

6) нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіреу мәселелерін реттейтін заңнамалардың орындалуына тексерістер жүргізеді;

7) заңнама бұзушылықтары анықталған жағдайда ұсыныс енгізеді және әкімшілік іс-жургізуді қозғайды;

8) Қазақстан Республикасының жергілікті өкілді және атқарушы органдарының тіркелген нормативтік құқықтық актілері туралы бірыңғай эталонды деректер банкін құру мәселесі бойынша Республикалық құқықтық ақпарат орталығымен (РҚАО) зара жұмыс жүргізеді.