-A A +A

Заңды тұлғаларды тіркеу бөлімі

Солтүстік Қазақстан облысы Әділет департаментінің

заңды тұлғаларды тіркеу бөлімі

 

Бөлім басшысы: Айнар Аманжолқызы Махметова

Байланыс телефоны: 33-57-37

Электрондық мекен-жайы: a.makhmetova@adilet.gov.kz

Бөлімнің міндеттері: Заңды түлғаларды мемлекеттік тіркеу, қайта тіркеу, таратуды тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеуді уақтылы қамтамасыз ету; заңды түлғалар тіркелімін және филиалдар мен өкілдіктер тізілімін жүргізу; заңды түлғалардың электрондық банкін және филиалдар мен өкілдіктердің тізілімін жүргізу, модем арқылы қатаң бекітілген кесте бойынша ҚР ӘМ мәліметтерді беру.

 

Бөлімнің функциялары:

1) Заңды түлғаларды мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу, тарату) және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу (қайта тіркеу, тарату);

2) аталған қызметті жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізеді;

3) «Заңды түлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңын және
басқа да нормативтік қүқықтық актілерді, Қазақстан Республикасы Әділет Министрлігінің, Заңды түлғаларды тіркеу жөніндегі комитетінің бұйрықтарын, Нұсқаулықтары мен Ережелерін орындайды;

4) заңды тұлғалардың мемлекеттік тіркелімін және облыс бойынша филиалдар мен өкілдіктердің тізілімін жүргізеді;

5) Қазақстан Республикасы Әділет Министрлігінің, заңды түлғаларды мемлекеттік тіркеу комитетінің, Әділет департаменті басшысының бақылау тапсырмаларын орындайды;

6) халық арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізеді;

7) заңды түлғалардың деректер банкін қалыптастыру, Тіркеу қызметі комитетіне мәліметтерді береді, тіркеу құжаттарын сақтайды;

8) «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 466 бабы бойынша әкімшілік іс жүргізуді қозғайды және жүргізеді;

9) ауданның әділет басқармаларында мемлекеттік тіркеуді ұйымдастыру және бақылау.