-A A +A

Жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу бойынша жұмыстарды ұйымдастыру бөлімі

Солтүстік Қазақстан облысы Әділет департаментінің

жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу бойынша жұмыстарды ұйымдастыру бөлімі

 

Бөлімнің басшысы: Татьяна Павловна Горичева

Байланыс телефоны: 33-66-99, 33-27-53

Электрондық мекен-жайы: T.Goricheva@adilet.gov.kz.

 

        Бөлімнің міндеттері және функциялары:

          1) Жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу бойынша аудан (қала) әділет басқармаларының жұмысын ұйымдастыруды қамтамасыз ету бойынша жағдайларды жасау бойынша шаралар қолдану;

        2) Қазақстан Республикасының Әділет министрінің бұйрықтарын және тапсырмаларын, Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінің әдістемелік нұсқаулықтарының орындауын ұйымдастыру және бақылау;

        3) Мұрағаттық қорының сақталуын және мұрағаттық іс-жүргізу бойынша басқармаларының жұмысын ұйымдастыру және көмек көрсету;   

        4) Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу саласында Әділет департаментінің қызметі жөнінде жылдық және жартыжылдық, тоқсан сайынғы, ай сайынғы есептерді құру;

        5) Әділет департаменті мен ҚР Әділет министрлігі алқаларының хаттамалық  шешімдерін, бақылау тапсырмаларын орындау;

        6) Аудандық/қалалық әділет басқармаларының қызметі жөнінде анықтамалар мен жұмыс талдауларын, жалпылауларын жасау;

        7) Жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу сұрақтары бойынша заңды және жеке тұлғалардың өтініштерін қарастыру;

        8) МОИП, ЭҚАБЖ-да бөлімнің құжатайналымын жүзеге асыру;

        9) құқыққорғау, салық, сот, және басқа да мемлекеттік органдарының сұрау хаттарына ҚР және жалпы облыс бойынша құқықтық кадастрдан ақпаратты ұсыну;

        10) Бөлімнің жұмыс жоспарын құрастыру, Департаменттің жұмыс жоспарына қосу үшін ұсыныстарды енгізу және оларды орындауын дәлелдейтін құжаттарды ұсыну; 

        11) Жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу саласында Әділет департаментінің мүддесін қорғау бойынша облыстық соттарға қатысу;

        12) Жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу саласында мемлекеттік қызметтерді көрсету мерзімдерінің күн сайынғы мониторингін жүргізу;

        13) Құқықтық кадастрдың бірыңғай ақпараттық жүйесін құрастыруын бақылау;

        14) Ақпараттық қызметтерді көрсету және жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу бағыты бойынша аудандық/қалалық әділет басқармаларын тексеру жүргізу;

        15) Бөлімде іс-жүргізу және номенклатуралық істерді жүргізу, аудандық/қалалық әділет басқармаларына үлгілік номенклатуралық істерді құрастыру;

        16) аудандық/қалалық әділет басқармаларының мұрағаттарында тіркеу істерінің жай-күйіне бақылауды іске асыру;

        17) Жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу саласында халыққа мемлекеттік қызметтерді көрсетудің сапасын көтеруге бағытталған жұмысты жүргізу;

        18) Жылжымайтын мүлікке құқықтарды (құқық ауыртпалықтарын) тіркеу бағыты бойынша Халыққа қызмет көрсету орталықтарына және аудандық әділет басқармаларына әдістемелік және практикалық көмек көрсету;

        19) Аудандық әділет басқармаларының қызметкерлеріне жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу саласында заңнаманы бірыңғай қолдану бойынша түсінік беру;

        20) Жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу сұрақтары бойынша әдістемелік нұсқаулықтар мен құралдарды әзірлеу;

        21) Жеке кәсіпкерлік пен мүдделі мемлекеттік органдарының өкілдерімен өзара әрекеттесуді күшейту мақсатында жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу сұрақтары бойынша «дөңгелек үстелдерді», жұмыс кездесулерді және семинарларды ұйымдастыру;

        22) Мамандардың біліктілігін арттыру мақсатында, жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу бойынша қызметті іске асыратын    аудандық әділет басқармаларының мамандарына жыл сайынғы тағылымдама ұйымдастырылады;

        23) Халық арасында түсіндіру жұмыстарын өткізу;

        24) БАҚ және Әділет департаментінің сайтына жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу сұрақтары бойынша орналастыру үшін ақпаратты ұсыну, жергілікті теле және радио арналарында сөз сөйлеу.