-A A +A

Құқықтық түсіндіру және халыққа заңгерлік көмек көрсету бөлімі

Солтүстік Қазақстан облысы Әділет департаментінің

құқықтық түсіндіру жұмысы және халыққа заңгерлік қызмет көрсету бөлімі

 

Бөлімнің басшысы: Ирина Александровна Сактанова

Байланыс телефоны: 33-12-82, 33-17-43

Электрондық мекен-жайы:i.saktanova@adilet.gov.kz

 

Бөлімнің міндеттері: Қазақстан Республикасының Құқықтық саясат концепциясын іске асыруда жан-жақты көмек көрсету; аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердiң, ауылдардың (селолардың), ауылдық (селолық) округтердiң әкiмдерi аппараттарының нотариаттық iс-әрекеттер жасауға уәкiлеттi лауазымды адамдарының, нотариустардың, адвокаттардың, бағалаушылардың көрсететін заңды қызмет сапасына бақылауды жүзеге асыру; аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердiң, ауылдардың (селолардың), ауылдық (селолық) округтердiң әкiмдерi аппараттарының нотариаттық iс-әрекеттер жасауға уәкiлеттi лауазымды адамдарына, нотариустарға, адвокаттарға, бағалаушыларға әдістемелік және практикалық көмек көмек көрсету.

 

Бөлімнің міндеттері:

1) Құқықтық көмек, құқықтық  насихат және халыққа заңгерлік қызмет көрсетуді ұйымдастыру мәселесі бойынша аудандық (қалалық) әділет бөлімдердің (басқармалардың) қызметін үйлестіру;

2) құқықтық насихат және жалпыға бірдей құқықтық білім беруді ұйымдастыру мәселелері бойынша мемлекеттік органдардың заң қызметімен жұмысты және өзара әрекет етуді үйлестіру;

3) құқықтық жалпыға бірдей білім беру, құқықтық насихат арқылы ұйымдастырушылық-әдістемелік басшылықты жүзеге асыру, заңнаманы түсіндіруге қатысу, қалалық, аудандық әкімдерінің алдында құрастырылатын, әдістемелік үйлестіру кеңестерінің  осы жұмыста жәрдемдесуін көрсету;

4) нотариаттық, адвокаттық бағалау қызметі саласында мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;

5) нотариаттық, адвокаттық бағалау қызметі саласында мемлекеттік саясатты іске асыру;

6) мемлекеттік нотариаттық кеңселерді ашу және қысқарту;

7) жеке нотариустардың есептік тіркеуін басқару;

8) нотариаттық округте нотариустардың қызмет аумағын анықтау;

9) көрсетілетін қызметтер сапасының мәселелері бойынша нотариустардың, адвокаттардың, бағалаушылардың әрекеттеріне түскен шағымдарды қарау;

10) нотариаттық тәжірибемен айналысуға ниет білдірген тұлғалардың тағылымдамадан өтуін ұйымдастыру;

11) нотариаттық округте нотариус уақытша жоқ болған жағдайда,  нотариаттық әрекеттердің жасалуын ұйымдастыру;

12) Қазақстан Республикасының Әділет министірлігіне белгіленген мерзімдерде статистикалық есептер, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердiң, ауылдардың (селолардың), ауылдық (селолық) округтердiң әкiмдерi аппараттарының нотариаттық iс-әрекеттер жасауға уәкiлеттi лауазымды адамдардың, мемлекеттік нотариустардың жұмысы туралы ақпараттар құру және ұсыну;

13) аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердiң, ауылдардың (селолардың), ауылдық (селолық) округтердiң әкiмдерi аппараттарының нотариаттық iс-әрекеттер жасауға уәкiлеттi лауазымды адамдардың, жекеше нотариустардың аттестаттауын, сонымен қатар жеке нотариустың бос орны лауазымын басу конкурстарын өткізуді ұйымдастыру;

14) облыста қызмет ететін адвокаттардың есебі бойынша мониторинг жүргізу;

15) нотариаттық қызметпен айналысу құқығына және адвокаттық қызметпен айналысуға үміткер тұлғалардың аттестаттауын өткізуді ұйымдастыру;

16) нотариат туралы заңнама бойынша ҚР Әділет министірлігіне тиісті ұсыныстар енгізу мақсатымен нотариаттық тәжірибелерді талдау;

17) нотариаттық тәжірибені зерделеу және қорытындылау;

18) облыстық адвокаттар алқасымен өзара әрекет еткен кезде әдістемелік басшылықты жүзеге асыру;

19) бағалау қызметі туралы Қазақстан Республикасының заңнамасын қолдану тәжірибесін зерделеу және қорытындылау;

20) бағалау қызметімен айналысатын субъектілерге бағалау қызметіне байланысты мәселелер бойынша кеңестік көмек көрсету.