-A A +A

Солтүстік Қазақстан аймақтық құқықтық ақпарат орталығы – Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекет кәсіпорнының филиалы.

Директордың Т.А.Ә. – Евгения Иосифовна Яворская

Телефон: 8 (7152) 33-35-07, 33-30-24 

Пошта мекен-жайы: индексі 150000, Қазақстан Республикасы, Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қ., Қазқстан Конституциясы көшесі, 72, 209 кабинет

Электрондық поштаның мекен-жайы: petropavl@rkao.kz

Мекеменің ресми сайты: www.rkao.kz.

 

Филиал қызметінің міндеттері: Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерін эталондық электрондық бақылау банкін, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің бірыңғай мемлекеттік есебін қамтамасыз етуге қатысу, компьтерлік технологияларды пайдалана отырып мемлекеттік  органдардың, өзге де заңды және жеке тұлғалардың құқықтық ақпаратқа қажеттіліктерін қанағаттандыру.

Филиал қызметінің мәні: Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Мемлекеттік тізілімін жүргізу.

Филиал қызметінің құқықтық негізі:  «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» Республикалық мемлекеттік кәсіпорнын құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 сәуірдегі № 487 қаулысы, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі мемлекеттік мүлік және жекешелендіру Комитеті торағасының 2012 жылғы 11 қаңтардағы № 18 бұйрығымен  бекітілген және Астана қаласы Әділет Департаментінде  2012 жылғы 19 қаңтарда тіркелген ҚР ӘМ «Республикалық құқықтық ақпарат  орталығы» ЖШҚ РМК-ның жарғысы.