-A A +A

Солтүстік Қазақстан облысының Нотариаттық палатаcы

Төрайымның Т.А.Ә.  – Гүлмира Мұратбекқызы Оспанова.

Телефон: 8 (7152) 46-40-16

Пошталық мекен-жайы: индексі 150000, Қазақстан Республикасы, Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қ., Бөкетов көшесі, 30

Электрондық поштаның мекен-жайыnotsko@mail.ru

 

Нотариаттық палатасының міндеттері:

Жеке практикамен айналысатын нотариустардың заңды мүдделері мен құқықтарын қорғау және білдіру, сонымен қатар нотриаттық әрекет еткен кезде нотариат туралы заңнамаларды сақтауға бақылауды жүзеге асырады.

 

Нотариаттық палатасының функциялары:

1)    Жеке нотариустардың қызметін үйлестіру және жалпы басқаруды жүзеге асыру;

2)    соттарда, мемлекеттік органдарда, мемлекеттік емес органдарда өз мүшелерінің заңды мүдделері мен құқықтарын  қорғау және ұсыну, нотариаттық істі жетілдіруде нотариустарға көмек көрсету және ықпал ету;

3)    жеке нотариустармен нотариаттық әрекет ету кезінде заңдылықты сақтауына бақылауды жүзеге асыру;

4)    аумақтағы нотариаттық практиканы унификациялау;

5)    нотариустардың кәсіптік қызметіне мониторинг жүргізу;

6)    құқық қорғау ұйымдарымен және басқа да ҮЕҰ бірлесіп әрекет ету;

7)    қажет болған жағдайда кедендік одақтың міндеттерін орындау шеңберінде туындайтын нотариаттық мәселелерін реттеу сұрақтары бойынша шекаралас мемлекеттердің аумақтық палаталарымен келісімге келу;

8)    аумақтағы нотариустың имиджін көтеру бойынша шаралар әзірлеу;

9)    нотариустар мен палатаның қызметін жаңғырту бойынша БАҚ келісімге келу;

10)     палатаның түрлі бағыттары бойынша нотариаттық палатаның ішінен комиссия құру;

11)     қайырымдылық акциясын өткізу;

12)     жасы бойынша (денсаулығына және басқа да себептер бойынша) зейнетке кететін палатаның мүшелерін қолдау бойынша арнайы бағдарлама әзірлеу;

13)     нотариустардың кеңселерінде еңбек режимі тақтайшаларын унификациялау бойынша шара қолдану және әзірлеу;

14)     палата мүшелері мен жарнамалық қызметті болдырмау бойынша шара қолдануды әзірлеу.