-A A +A

Әділет органдары туралы

Әділет органдары туралы

Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 18 наурыздағы N 304 Заңы

 

1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

1-бап. Қазақстан Республикасы әдiлет органдарының мәртебесi

      Қазақстан Республикасының әдiлет органдары (бұдан әрi - әдiлет органдары), өз құзыретi шегiнде мемлекеттiң қызметiн құқықтық қамтамасыз етудi жүзеге асыратын, мемлекеттiк органдардың, ұйымдардың, лауазымды адамдар мен азаматтардың жұмысында заңдылық режимiне қолдау жасайтын, азаматтардың және ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғауды қамтамасыз ететiн атқарушы билiк органдары болып табылады.

2-бап. Әдiлет органдары қызметiнiң құқықтық негiзi

      Әдiлет органдары қызметiнiң құқықтық негiзiн Қазақстан Республикасының Конституциясы, осы Заң мен өзге де нормативтiк құқықтық актiлер, сондай-ақ Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары құрайды.

3-бап. Әдiлет органдарының мiндеттерi

      Әдiлет органдарының мiндеттерi:

      1) жалпымемлекеттiк даму стратегиясын әзiрлеу мен iске асыруға қатысу, заң жобасы жұмысын жүргiзу, заңдарды талдау, жетiлдiру, жүйелеу, нормативтiк құқықтық актiлердiң жобаларына заң сараптамасын жүргiзу арқылы адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарының үстемдiгiн, Қазақстан Республикасының егемендiгiн, Қазақстан қоғамы мен мемлекетiнiң тұрақты және қарышты дамуын қамтамасыз етуге бағытталған ұлттық заңдарды қалыптастыруға қатысу;

      2) Қазақстанның ұлттық мүдделерiн қорғау және Республиканың дүниежүзiлiк қоғамдастықтағы беделiн нығайту мақсатында, соның iшiнде Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын дайындау мен жасасу жолымен оның халықаралық аренадағы қызметiн құқықтық жағынан қамтамасыз ету;

      3) заңды тұлғаларды, жылжымайтын мүлікке құқықтарды, орталық мемлекеттiк органдардың және ведомстволардың, жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдардың, сондай-ақ әкімдердің нормативтiк құқықтық актiлерiн мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыру, Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiн мемлекеттiк есепке алуды қамтамасыз ету;

      3-1) мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыру, құқықтық көмектi және заң қызметтерiн көрсетудi ұйымдастыру, құқықтық насихат саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру;

      3-2) жылжымалы мүлік кепілін тіркеу, жылжымайтын мүлікті мемлекеттік техникалық зерттеп-қарау және жылжымалы мүлік кепілінің тізілімін жүргізу саласында мемлекеттік саясатты іске асыру;

      4) құқықтық көмектi және заң қызметiн көрсетудi ұйымдастыру және құқықтық насихатты қамтамасыз ету;

      5) сот-сараптама қызметiн ұйымдастыру және жүзеге асыру;

      6) - 6-2) алып тасталды - ҚР 2012.01.18 N 547-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен;

      7) зияткерлiк меншiк құқықтарын сақтау және қорғау саласындағы мемлекеттiк саясатты қалыптастыру және іске асыру;

      8) алынып тасталды

      9) Қазақстан Республикасының заңына сәйкес әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы iстер бойынша iс жүргiзуді жүзеге асыру;

      9-1) алып тасталды - ҚР 2010.12.29 N 372-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен;

      9-2) алып тасталды - ҚР 2010.12.29 N 372-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен;

      9-3) атқарушылық құжаттарды орындау саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру;

      9-4) сот-сараптама қызметі саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру;

      10) өздерiне Қазақстан Республикасының заңдарымен жүктелген өзге де мiндеттердi жүзеге асыру болып табылады.

      Ескерту. 3-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2004.12.29 N 25, 2007.03.26 N 240, 2010.12.28 N 368-IV (алғашқы ресми жариялағанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2010.12.29 N 372-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 2011.03.25 N 421-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.01.18 N 547-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 05.07.2014 N 236-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 03.07.2014 № 227-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 17.11.2015 № 408-V (01.03.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

4-бап. Әдiлет органдары қызметiнiң принциптерi

      1. Әдiлет органдарының қызметi:

      1) заңдылық;

      2) қорғалу құқығын қамтамасыз ету, баршаның заң алдындағы теңдiгi, адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын құрметтеу және сақтау;

      3) жариялылық, құқық қорғау органдарымен және басқа да мемлекеттiк органдармен, өзге де ұйымдармен және лауазымды адамдармен өзара iс-қимыл жасау;

      4) саяси партиялардың және өзге де қоғамдық бiрлестiктердiң қызметiне тәуелсiз болу;

      5) алып тасталды - ҚР 2012.01.18 N 547-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен;

      6) әдiлет органдары жүйесiнiң бiртұтастығы принциптерiне негiзделедi.

      Ескерту. 4-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2012.01.18 N 547-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

2-тарау. ӘДIЛЕТ ОРГАНДАРЫНЫҢ ЖYЙЕСI ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚЫЗМЕТIН
ҰЙЫМДАСТЫРУ

5-бап. Әдiлет органдары жүйесi

      1. Әділет органдарының бірыңғай жүйесін мыналар құрайды:

      1) мыналарды:

      Қазақстан Республикасының Әділет министрлігін;

      аумақтық әдiлет органдарын, бөлімдері мен мекемелерiн қамтитын әділет органдары;

      2) мекемелер және өзге де ведомстволық бағынысты ұйымдар.

      Ескерту. 5-бап жаңа редакцияда - ҚР 29.09.2014 N 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).

6-бап. Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi

      1. Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң құрылымына кiретiн, Республика Премьер-Министрiнiң ұсынуымен Республика Президентi құратын, қайта ұйымдастыратын және тарататын орталық атқарушы орган болып табылады.

      2. Әдiлет министрлiгiн Республиканың Президентi қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын Министр басқарады.

      3. Алып тасталды - ҚР 29.12.2014 № 269-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      4. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі қылмыстар профилактикасы, азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын, қоғамның және мемлекеттің мүдделерін қорғау, халық тарапынан сенім мәселелеріне басымдық беріп, өкілді органдар мен жұртшылық беретін сыртқы бағалау тетіктерін айқындай отырып, сыбайлас жемқорлық деңгейінің рейтингтік бағасын енгізіп, есептілік және қызметті бағалау жүйесін жетілдіреді, сондай-ақ азаматтық қоғам институттарымен ынтымақтастықтың әртүрлі нысандарын белгілейді.

      Ескерту. 6-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2009.04.29 N 154-IV, 2009.07.17 N 188-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2010.03.19 № 258-IV, 2011.01.06 N 378-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2011.01.06 N 379-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.07.10 N 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.12.2014 № 269-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

7-бап. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрiнiң өкiлеттiктерi

      1. Қазақстан Республикасының Әдiлет министрi (бұдан әрi - Министр) әдiлет органдарының жұмысына басшылық етудi жүзеге асырады және әдiлет органдарына жүктелген мiндеттердiң орындалуына дербес жауапты болады.

      2. Министр:

      1) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ведомстволардың, Әділет министрлiгіне ведомстволық бағынысты ұйымдардың басшыларын, сондай-ақ олардың орынбасарларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;

      2) әділет органдарында мемлекеттiк тiркелуге жататын, бiрақ одан өтпеген нормативтiк құқықтық актiлердi жарамсыз деп тану туралы талап арызбен сотқа жүгiнедi;

      3) әдiлет органдары орындауға мiндеттi актiлер, сондай-ақ өз құзыретi шегiнде өзге де мемлекеттiк органдар, ұйымдар, лауазымды адамдар мен азаматтар орындауға мiндеттi актiлер шығарады;

      4) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес мемлекеттiк органдар мен ұйымдарда Министрлiктен өкiлдiк етедi;

      5) алып тасталды - ҚР 2012.01.18 № 547-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен;

      6) өзiне осы Заңмен, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiмен жүктелген өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады.

      Ескерту. 7-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2011.01.10 № 383-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.01.18 № 547-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 29.09.2014 № 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

8-бап. Аумақтық әдiлет органдары

      1. Облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың, аудандар мен қалалардың әдiлет бөлiмшелерi аумақтық әдiлет органдары болып табылады.

      2. Аумақтық әдiлет органдарында әдiлет органдарына жүктелген функциялардың орындалуын қамтамасыз ететiн тиiстi құрылымдық бөлiмшелер құрылады.

      Ескерту. 8-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2004.12.29 № 25 Заңымен.

9-бап. Әдiлет жүйесiнiң ұйымдары

      Әдiлет министрлiгiне жүктелген мiндеттердi шешу және функцияларды қамтамасыз ету үшiн Министрлiк жанында мемлекеттік мекемелер мен басқа да ұйымдар жұмыс iстейдi.

      Ескерту. 9-бап жаңа редакцияда - ҚР 29.09.2014 № 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).

10-бап. Әдiлет органдарының қылмыстық-атқару жүйесi

      Ескерту. 10-бап алып тасталды - ҚР 2012.01.18 № 547-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

11-бап. Қылмыстық-атқару жүйесiнiң құрылымы

      Ескерту. 11-бап алып тасталды - ҚР 2012.01.18 № 547-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

11-1-бап. Атқарушылық іс жүргізу органдарының жүйесі

      Ескерту. 11-1-бап алып тасталды - ҚР 29.09.2014 № 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).

12-бап. Әдiлет органдарының мемлекеттiк органдармен, ұйымдармен және лауазымды адамдармен өзара iс-қимылы

      1. Әдiлет органдары өздерiне жүктелген мiндеттердi шешу кезiнде орталық және жергiлiктi мемлекеттiк органдармен, оның iшiнде құқық қорғау және бақылау органдарымен, сондай-ақ лауазымды адамдармен өзара iс-қимыл жасап отырады.

      Әділет органдары қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті органның сұратуы бойынша Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасына сәйкес өздерінің ақпараттық жүйелерінен мәліметтер ұсынады.

      2. Мемлекеттiк органдар, ұйымдар мен лауазымды адамдар әдiлет органдарына функционалдық мiндеттердi орындауына және адам мен азаматтың, заңды тұлғалардың құқықтарын, бостандықтарын және мемлекеттiң мүдделерiн қорғауына жәрдемдесуге мiндеттi.

      3. Әдiлет органдарының шет мемлекеттердiң мемлекеттiк органдарымен және ұйымдарымен, оның iшiнде әдiлет органдарымен ынтымақтастығы халықаралық шарттардың негiзiнде жүзеге асырылады.

      4. Алып тасталды - ҚР 2012.01.18 № 547-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

      Ескерту. 12-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2004.12.29 № 25, 2009.08.28 № 192-IV (2010.03.08 бастап қолданысқа енгізіледі), 2012.01.18 № 547-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 2014.06.10 № 206-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

12-1-бап. Қылмыстық-атқару жүйесiнiң мекемелерiнде ұсталатын адамдардың құқықтары мен заңды мүдделерiнiң қамтамасыз етiлуiн қоғамдық бақылау

      Ескерту. 12-1-бап алып тасталды - ҚР 2012.01.18 № 547-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

13-бап. Әдiлет органдарының актiлерi

      1. Осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заң актiлерiнде, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметiнiң актiлерiнде көзделген жағдайларда Әдiлет министрi өз құзыретi шегiнде әдiлет органдары қызметiнiң мәселелерi бойынша Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес мемлекеттiк тiркелуге тиiстi бұйрықтар шығарады, сондай-ақ ұсыныстар енгiзедi.

      2. Әдiлет министрлiгi ведомстволарының және аумақтық органдарының басшылары өз құзыретi шегiнде бұйрықтар шығарады және ұсыныстар енгiзедi.

      3. Әдiлет органдарының өз құзыретi шегiнде қабылдаған және заңдарда көзделген жағдайларда мемлекеттiк тiркеуден өткен актiлерiн Қазақстан Республикасы ұйымдары, лауазымды адамдары мен азаматтары, шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдар орындауға мiндеттi.

14-бап. Әдiлет органдарының ұсынысы

      1. Әдiлет органдары:

      1) әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркелуге тиiстi, бiрақ одан өтпеген нормативтiк құқықтық актiлерiне қатысты;

      2) орталық және жергiлiктi мемлекеттiк органдардың, әкімдердің олар қолданатын, Қазақстан Республикасы Конституциясының 4-бабына сәйкес жариялануы мiндеттi, бiрақ белгiленген тәртiппен жарияланбаған, нормативтiк құқықтық актілерiне қатысты;

      3) әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркелуге тиiстi, Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келетiн нормативтiк құқықтық актiлерiне қатысты;

      4) Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде белгiленген өзге де жағдайларда заңның бұзылуын жою туралы ұсыныс енгiзеді.

      2. Ұсыныс тиiстi мемлекеттiк органға (лауазымды адамға) не жоғары тұрған органға (лауазымды адамға) енгiзiледi.

      3. Ұсынуды мемлекеттiк орган не жоғары тұрған органның лауазымды адамы заңдылықтың бұзылуын, сондай-ақ оларға әсер ететін себептер мен шарттарды жою жөніндегі шараларды міндетті түрде қолдана отырып, әділет органдары белгілеген мерзімдерде, бірақ күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей қарауға тиiс.

      Әдiлет органдары ұсынуды қарау кезінде қатысуға құқылы. Мемлекеттік орган немесе лауазымды адам ұсыну қаралатын күнге дейін күнтізбелік үш күннен кешіктірмей ұсынудың қаралатын уақыты мен орны туралы әділет органын хабардар етуге тиіс.

      4. Ұсынуды қарау нәтижелері мен қолданылған шаралар туралы ұсыну қаралған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде әділет органдарына хабарланады.

      Ескерту. 14-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2011.01.10 № 383-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.09.2014 № 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

3-тарау. ӘДIЛЕТ ОРГАНДАРЫНЫҢ НЕГIЗГI ФУНКЦИЯЛАРЫ, ҚҰҚЫҚТАРЫ
МЕН МIНДЕТТЕРI

15-бап. Әдiлет органдарының заң жобасы жұмысын жүргiзу, заңдарды жетiлдiру саласындағы функциялары

      Әдiлет органдары заң жобасы жұмысын жүргiзу, заңдарды жетiлдiру саласында мынадай функцияларды жүзеге асырады:

      1) заң жобасы жұмысы, нормативтiк құқықтық актiлердiң жобаларын әзiрлеу;

      2) нормативтiк құқықтық актiлердiң жобаларына заң сараптамасын жасау;

      3) заң жобалары, сараптама, ғылыми-зерттеу жұмыстарын және консультацияларды жүзеге асыру үшiн, осы мақсаттарға бюджеттiк және өзге де қаражаттарды пайдалана отырып, мемлекеттiк органдардың, ұйымдардың, оның iшiнде шет ел мамандары мен сарапшыларын тарту;

      4) Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің тапсырмасы бойынша мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, Үкіметтің нормативтік құқықтық актілеріне ресми түсіндірме беру;

      5) құқықтық ақпараттандыруды қамтамасыз ету, нормативтiк құқықтық актiлердiң эталондық бақылау банкiн жүргiзуді, Қазақстанда құқықтық ақпараттың бiрыңғай компьютерлiк жүйесiн жүргiзуді қамтамасыз ету;

      6) мемлекеттiк органдар мен ұйымдардың заң саласындағы ғылыми-зерттеу жұмысын үйлестiру.

      Ескерту. 15-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 05.07.2014 N 236-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 06.04.2016 № 481-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

16-бап. Әдiлет органдарының халықаралық шарттарды құқықтық қамтамасыз ету, шетелдiк құқықтық көмектi үйлестiру саласындағы функциялары

      Әдiлет органдары халықаралық шарттарды құқықтық қамтамасыз ету, шетелдiк құқықтық көмектi үйлестiру саласында мынадай функцияларды жүзеге асырады:

      1) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес шет мемлекеттермен құқықтық көмек және құқықтық ынтымақтастық туралы халықаралық шарттарды дайындау, жасасуды және орындауды ұйымдастыру;

      2) Қазақстан Республикасының кепiлдiгiмен жасалатын заем шарттарына заң сараптамасын жасау;

      3) халықаралық шарттарға сәйкес шет мемлекеттердiң сот тапсырмалары мен өтiнiштерiн орындау;

      4) Қазақстан Республикасы мен шет мемлекеттердiң заңдарын үйлестiру, бiр iзге түсiру, сондай-ақ Қазақстан таныған халықаралық нормаларды Қазақстан Республикасының заңдарына имплементациялау мәселелерi бойынша талдау жүргiзу;

      5) санаткерлiк меншiк құқықтарын өзара қорғау туралы халықаралық шарттарды дайындау мен жасасуға, осындай шарттарға қол қоюға белгiленген тәртiппен қатысу;

      6) халықаралық шарттардың жобаларына заң сараптамасын жасау.

17-бап. Әділет органдарының сот-сараптама қызметі саласындағы функциялары

      Әділет органдары сот-сараптама қызметі саласында мынадай функцияларды жүзеге асырады:

      1) сот сарапшылары кадрларын iрiктеу және орналастыру;

      2) сот-сараптама қызметiн ұйымдастыру және сот сарапшыларына Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасында белгiленген тәртiппен лицензиялар беру;

      3) мемлекеттік сот-сараптама ұйымдарын материалдық-техникалық қамтамасыз ету;

      4) сот сараптамасы саласындағы ғылыми-зерттеу жұмыстарын үйлестіру.

      Ескерту. 17-бап жаңа редакцияда - ҚР 29.09.2014 № 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); өзгеріс енгізілді - ҚР 16.05.2014 № 203-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

18-бап. Әдiлет органдарының мемлекеттiк тiркеудi жүзеге асыру саласындағы функциялары

      Әдiлет органдары мемлекеттiк тiркеу саласында мынадай функцияларды жүзеге асырады:

      1) орталық мемлекеттiк органдардың, ведомстволардың, мәслихаттардың, әкiмдіктер мен әкiмдердiң нормативтiк құқықтық актiлерiн мемлекеттiк тiркеу, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізілімін жүргізуді қамтамасыз ету;

      2) заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеу, филиалдар мен өкiлдiктердi есептiк тiркеу, сондай-ақ Бизнес-сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімін жүргiзу;

      3) азаматтық хал актiлерiн мемлекеттiк тiркеу;

      4) мемлекеттiк органдардың тiркелген нормативтiк құқықтық актiлерiнің тiзбесiн жалпы жұрттың назарына жеткiзу үшiн жариялау;

      5) жылжымайтын мүлiкке құқықтарды мемлекеттiк тiркеу, құқықтық кадастрды жүргiзу.

      Ескерту. 18-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2004.12.29 № 25, 2006.06.05 № 146, 2007.07.26 № 311, 2010.12.29 № 372-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 2011.03.25 № 421-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.12.24 № 60-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 05.07.2014 № 236-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 29.09.2014 № 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 17.11.2015 № 408-V (01.03.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 24.11.2015 № 422-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

19-бап. Әдiлет органдарының құқықтық көмек және заң қызметiн көрсетудi ұйымдастыру, құқықтық насихат салаларындағы функциялары

      1. Әдiлет органдары құқықтық көмектi ұйымдастыру және заң қызметiн көрсету саласында мынадай функцияларды жүзеге асырады:

      1) мемлекеттiк нотариат кадрларын iрiктеу, аттестаттау және орналастыру, Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасында белгiленген тәртiппен адвокаттар мен нотариустарға лицензиялар беру, оларды тоқтата тұру және тоқтату (олардан айыруды қоспағанда);

      2) мемлекеттiк нотариат кеңселерiнiң қызметiне басшылық жасау, жеке нотариаттың дамуына жәрдемдесу, жасалған нотариаттық әрекеттердiң заңдылығы мен мемлекеттiк және жеке нотариустардың iс жүргiзу ережелерiн сақтауын бақылау;

      3) Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасына сәйкес жекелеген қызмет түрлерін лицензиялау;

      4) нормативтік-әдіснамалық қамтамасыз ету, азаматтық хал актілерін тіркеуді бақылау және тиісті дерекқордың жұмыс істеуін қамтамасыз ету;

      5) орталық атқарушы органдардың заң қызметiнiң жұмысын үйлестiру және оған әдiстемелiк басшылық жасау, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкiмдерi аппараттарының заң қызметтерiмен өзара iс-қимыл жасау;

      6) адвокаттардың, нотариаттардың жеке және заңды тұлғаларға көрсететiн заң қызметтерiнiң сапасын бақылау;

      7) алып тасталды - ҚР 29.09.2014 № 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi);

      8) әдiлет органдарынан және өзге де мемлекеттiк органдардан, сондай-ақ нотариустардан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою.

      2. Әдiлет органдары құқықтық насихат саласында мынадай функцияларды жүзеге асырады:

      1) құқықтық насихатты ұйымдастыруды ведомствоаралық үйлестiру, заңдарға түсiндiрме беруге қатысу;

      2) эталондық заң актiлерiн және өзге де нормативтiк құқықтық актiлердi, ақпараттық және анықтамалық-әдiстемелiк материалдарды шарт негiзiнде, оның iшiнде құқықтық ақпараттың автоматтандырылған жүйесiн пайдалана отырып беру;

      3) алып тасталды - ҚР 29.09.2014 № 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).

      Ескерту. 19-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2004.12.29 № 25, 2005.04.15 № 45, 2007.01.12 № 222 (ресми жарияланған күнінен бастап алты ай өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі), 2010.12.29 № 372-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 29.09.2014 № 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 16.05.2014 № 203-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

20-бап. Әдiлет органдарының қылмыстық-атқару қызметi саласындағы функциялары

      Ескерту. 20-бап алып тасталды - ҚР 2012.01.18 № 547-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

21-бап. Әдiлет органдарының зияткерлiк меншiк құқықтарын сақтау және қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру саласындағы функциялары

      Әдiлет органдары зияткерлiк меншiк құқықтарын сақтау және қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру саласында мынадай функцияларды жүзеге асырады:

      1) зияткерлiк меншiк құқықтарын сақтау және қорғау саласындағы заңнаманы жетілдіру жөнінде ұсыныстар тұжырымдау;

      2) зияткерлiк меншiк объектiлерiн құқықтық қорғау және пайдалану саласындағы ғылыми-зерттеу жұмыстары мен басқа да жұмыстарға қатысу;

      3) зияткерлiк меншiк объектілерін қорғау және пайдалану мәселелері бойынша халықаралық ынтымақтастық;

      4) уәкілетті органдар мен мүдделі ұйымдардың зияткерлiк меншiкті сақтау және қорғау саласындағы өзара іс-қимылдарын үйлестіру;

      5) уәкілетті органдар мен ұйымдардың осы саладағы заңнаманы сақтауын және халықаралық шарттарды орындауын сақтауды қоса алғанда, олардың зияткерлік меншік құқықтарын сақтау және қорғау жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асыруының мониторингі;

      6) мүлiктiк құқықтарды ұжымдық негiзде басқаратын ұйымдардың, патенттік сенім білдірілгендердің қызметiн бақылау және олармен өзара іс-қимыл жасау;

      7) ресми тізілімдерде авторлық құқықты тіркеу;

      8) өнеркәсiптiк меншiк объектiлерiне, селекциялық жетiстiктерге, интегралдық микросхемалар топологияларына қорғау құжаттарын беруге түскен өтiнiмдердi тiркеудi қамтамасыз ету;

      9) қорғау құжаттарын беруге түскен өтiнiмдерге сараптама жүргiзудi ұйымдастыру, өнеркәсiптiк меншiк объектiлерiнiң, селекциялық жетiстiктердiң, интегралдық микросхемалар топологияларының мемлекеттiк тiзiлiмдерiн жүргiзу, қорғау құжаттарын беру және оларды күшiнде ұстау жөнiндегi шараларды жүзеге асыру;

      10) патенттiк iс саласындағы сараптаманы жүзеге асыратын мемлекеттiк ұйымдардың қызметiн бақылау;

      11) өнеркәсiптiк меншiк объектiлерiн, селекциялық жетiстiктердi, интегралдық микросхемалар топологияларын пайдалануға лицензиялық шарттарды, ашық лицензияларды және қорғау құжаттарын басқаға беру шарттарын тiркеудi қамтамасыз ету;

      12) мүліктік құқықтарды ұжымдық негізде басқаратын ұйымдарды аккредиттеу.

      Ескерту. 21-бап жаңа редакцияда - ҚР 29.09.2014 № 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).

21-1-бап. Әділет органдарының атқарушылық құжаттардың орындалуын қамтамасыз ету саласындағы функциялары

      Әділет органдары атқарушылық құжаттардың орындалуын қамтамасыз ету саласында мынадай функцияларды:

      1) атқарушылық құжаттардың орындалуын қамтамасыз етуді (ұйымдастырушылық, әдістемелік қамтамасыз ету, бақылау, атқарушылық іс жүргізу бойынша шағымдар мен өзге де өтініштерді қарау, борышкерлердің тыйым салынған мүлкімен жұмыс);

      2) жеке сот орындаушылары мен олардың алқаларының қызметін ұйымдастыруды (біліктілік, тәртіптік комиссияларының жұмысын ұйымдастыру, конкурс өткізу, жеке сот орындаушыларының қызметін лицензиялау, олардың қызметін бақылау, жеке сот орындаушыларының әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдар мен өзге де өтініштерді қарау);

      3) шет мемлекеттердің атқарушылық іс жүргізу қызметтерімен және халықаралық ұйымдармен атқарушылық құжаттарды орындау саласындағы ынтымақтастықты жүзеге асырады.

      Ескерту. Заң 21-1-баппен толықтырылды - ҚР 2010.12.28 № 368-IV (алғашқы ресми жариялағанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен; жаңа редакцияда - ҚР 29.09.2014 № 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).

22-бап. Әдiлет органдарының есiрткi құралдары, психотроптық заттар, прекурсорлар айналымы және олардың заңсыз айналымы мен оларды терiс пайдалануға қарсы iс-әрекет саласындағы функциялары

      Ескерту. 22-бап алынып тасталды - ҚР 2004.12.29 № 25 Заңымен.

22-1-бап. Авторлық құқық пен сабақтас құқықтар, өнеркәсіптік меншік, селекциялық жетістіктер, интегралдық микросхемалар топологиясы объектілерінің пайдаланылуына мемлекеттік бақылау

      1. Авторлық құқық пен сабақтас құқықтар, өнеркәсіптік меншік, селекциялық жетістіктер, интегралдық микросхемалар топологиясы объектілерінің пайдаланылуына мемлекеттік бақылау тексеру нысанында және өзге де нысандарда жүзеге асырылады.

      2. Тексеру Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес жүзеге асырылады. Мемлекеттік бақылаудың өзге де нысандары осы Заңға сәйкес жүзеге асырылады.

      Ескерту. 22-1-бап жаңа редакцияда - ҚР 2009.07.17 № 188-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), өзгерту енгізілді - ҚР 2011.01.06 № 378-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.10.2015 № 376-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

23-бап. Әдiлет органдарының өзге де функциялары

      1. Әдiлет органдары 15-22-баптарда тiзбеленген функциялардан басқа мынадай функцияларды жүзеге асырады:

      1) адам мен азаматтың, ұйымдар мен мемлекеттiң құқықтарын, бостандықтарын және заңды мүдделерiн сақтау және қорғау;

      2) өздерiне басқа мемлекеттiк органдар мен ұйымдар берген, мемлекеттiк құпияларды құрайтын мәлiметтердiң, сондай-ақ олар құпияландырған мәлiметтердiң қорғалуын қамтамасыз ету;

      3) әдiлет органдарының құзыретiне жататын мәселелер бойынша азаматтар мен заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қабылдау, қарау және қабылданған шешiмдер туралы өтiнiш жасаушыларға Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiп пен мерзiмде хабарлау;

      4) өз қызметi саласында Қазақстан Республикасы заңдарын қолданылу практикасын талдау және қорыту және оларды жетiлдiру, Қазақстан Республикасы заңдарының бұзылуына ықпал еткен себептер мен жағдайларды жою жөнiнде тиiстi ұсыныстар енгiзу;

      5) алып тасталды - ҚР 03.07.2013 № 124-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);

      6) алып тасталды - ҚР 2012.01.18 № 547-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен;

      7) өз құзыретi шегiнде мемлекеттiк органдарға ғылыми-әдiстемелiк және құқықтық көмек көрсету;

      7-1) алып тасталды - ҚР 2011.07.21 № 468-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;

      8) зияткерлiк меншiк саласында Қазақстан Республикасы заңдарының сақталуы тұрғысында жеке және заңды тұлғаларды тексерудi жүзеге асыру;

      9) нормативтiк құқықтық актiлердiң мәтiндерiн кейiннен ресми жариялау саласында Қазақстан Республикасы заңнамасының сақталуы бойынша нормативтiк құқықтық актiлердiң мәтiндерiн кейiннен жариялауды жүзеге асыратын тұлғалардың қызметiн тексерудi жүзеге асыру;

      9-1) уәкілетті органдардың нормативтік құқықтық актілерді құқықтық мониторингі жөніндегі қызметін үйлестіру;

      9-2) заңдарға сәйкес әділет органдарының құзыретіне жатқызылған әкімшілік құқық бұзушылықтар бойынша іс жүргізуді жүзеге асыру;

      9-3) республикалық бюджеттен қаржыландырылатын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарының талдау және әлеуметтік зерттеулерінің, оның ішінде Қазақстан Республикасының Әділет министрі айқындайтын тәртіппен халықаралық ұйымдармен бірлескен зерттеулерінің бірыңғай дерекқорын жүргізуді қамтамасыз ету;

      10) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.

      2. "Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген жағдайларда әдiлет органдары сыйақы мөлшерi мен оны төлеу шарттарын белгiлейдi.

      3. Алып тасталды - ҚР 2012.01.18 № 547-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

      Ескерту. 23-бап жаңа редакцияда - ҚР 2004.12.20 № 13 (2005.01.01 бастап қолданысқа енгiзiледi), өзгерістер енгізілді - 2006.01.31 № 125 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2006.07.05 № 165 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2007.03.26 № 240, 2010.01.20 № 239-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз), 2011.07.21 № 468-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2011.07.05 № 452-IV (2011.10.13 бастап қолданысқа енгізіледі), 2012.01.18 № 547-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 03.07.2013 № 124-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.09.2014 № 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 27.02.2017 № 49-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

24-бап. Әдiлет органдары мен олардың лауазымды адамдарының құқықтары

      Әдiлет органдары мен олардың лауазымды адамдары өз құзыретi шегiнде:

      1) орталық және жергiлiктi мемлекеттiк органдар, ұйымдар, лауазымды адамдар мен азаматтар мiндеттi түрде орындауға тиiстi нормативтiк құқықтық актiлер шығаруға;

      2) өз құзыретiне кiретiн мәселелер бойынша ведомствоаралық үйлестiру мен бақылауды жүзеге асыруға;

      3) мемлекеттiк органдардан, ұйымдардан, олардың лауазымды адамдарынан қағаз және (немесе) электрондық жеткізгіштердегі қажетті ақпаратты және материалдарды Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен сұратуға және алуға;

      4) орталық мемлекеттiк органдарда, сондай-ақ мәслихаттар мен әкiмдіктерде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен мемлекеттiк тiркеуге жататын нормативтiк құқықтық актiлердi тексерудi жүзеге асыруға;

      5) Қазақстан Республикасы Азаматтық iс жүргiзу кодексiнiң 56-бабында белгiленген тәртiппен азаматтардың құқықтарын, бостандықтарын және заңмен қорғалатын мүдделерiн, сондай-ақ қоғамдық немесе мемлекеттiк мүдделердi қорғау үшiн сотқа талап қойып жүгiнуге;

      6) өздерiне берiлген мүлiктi басқаруды жүзеге асыруға;

      7) лицензиялауды және лицензиаттардың лицензиялық талаптарды сақтауы жөнiндегi қызметiне бақылауды жүзеге асыруға;

      8) бағынысты ұйымдарды құру, қайта ұйымдастыру және тарату мәселелерi бойынша ұсыныстар енгiзуге;

      8-1) Қазақстан Республикасының ақпараттандыру туралы заңнамасына сәйкес ақпараттық жүйелерді пайдалана отырып, электрондық қызметтер көрсетуге;

      9) баспа қызметiн жүзеге асыруға;

      10) алып тасталды

      11) алып тасталды

      12) заңда белгiленген жағдайлар мен тәртiп бойынша әкiмшілiк құқық бұзушылық туралы хаттамалар жасап, iстердi қарауға, өз құзыретi шегiнде әкiмшiлiк жазалар қолдануға;

      13) алып тасталды

      14) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыруға құқылы.

      Ескерту. 24-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2004.12.29 № 25, 2007.01.11 № 218, 2010.07.15 № 337-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2011.07.05 № 452-IV (2011.10.13 бастап қолданысқа енгізіледі), 2012.07.10 № 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

24-1-бап. Қылмыстық-атқару жүйесi қызметкерлерiнiң құқықтары мен мiндеттерi

      Ескерту. 24-1-бап алып тасталды - ҚР 2012.01.18 № 547-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

24-2-бап. Нормативтік құқықтық актілердің ресми мәтіндерін кейіннен жариялау саласындағы мемлекеттік бақылау

      1. Нормативтік құқықтық актілердің ресми мәтіндерін кейіннен жариялау саласындағы мемлекеттік бақылау тексеру нысанында және өзге де нысандарда жүзеге асырылады.

      2. Тексеру Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес жүзеге асырылады. Мемлекеттік бақылаудың өзге де нысандары осы Заңға сәйкес жүзеге асырылады.

      Ескерту. 24-2-бап жаңа редакцияда - ҚР 2009.07.17 № 188-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), өзгерту енгізілді - ҚР 2011.01.06 № 378-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.10.2015 № 376-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

4-тарау. ӘДІЛЕТ ОРГАНДАРЫНЫҢ КАДРЛАРЫ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖАҒДАЙЫ

      Ескерту. 4-тарау жаңа редакцияда - ҚР 2011.01.06 № 379-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

25-бап. Әдiлет органдарының кадрлары

      Әдiлет органдарының кадрларын әдiлет органдарының мемлекеттiк қызметшiлер болып табылатын қызметкерлерi, сондай-ақ олармен еңбек қатынастары Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасымен реттелетiн өзге де адамдар құрайды.

      Ескерту. 25-бап жаңа редакцияда - ҚР 2012.01.18 № 547-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

26-бап. Қылмыстық-атқару жүйесi органдарының персоналы

      Ескерту. 26-бап алып тасталды - ҚР 2012.01.18 № 547-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

27-бап. Қылмыстық-атқару жүйесі органдары қызметкерлерінің еңбегін құқықтық реттеу

      Ескерту. 27-бап алып тасталды - ҚР 2012.01.18 N 547-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

28-бап. Қылмыстық-атқару жүйесi органдары қызметкерлерiнiң арнаулы атақтары

      Ескерту. 28-бап алып тасталды - ҚР 2012.01.18 N 547-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

29-бап. Қылмыстық-атқару жүйесiнде қызмет атқарудың ерекше жағдайлары

      Ескерту. 29-бап алып тасталды - ҚР 2012.01.18 N 547-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

30-бап. Әдiлет органдары қызметкерлерiн материалдық және әлеуметтiк жағынан қамсыздандыру

      1. Әдiлет органдары қызметкерлерiнiң еңбегiне ақы төлеу Қазақстан Республикасының Президентi бекiткен бiрыңғай еңбекке ақы төлеу жүйесiне сәйкес жүзеге асырылады.

      2. Әдiлет органдарының қызметкерлерiне ұзақтығы күнтiзбелiк отыз күн болатын жыл сайынғы ақылы еңбек демалыстары берiледi.

      3. Әдiлет органдарының "Мемлекеттiк қызмет туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген мемлекеттiк қызметшiлер мәртебесiнен ерекшеленетiн құқықтық мәртебесi бар қызметкерлерiнiң материалдық қамтамасыз етiлуi мен әлеуметтiк қорғалуы Қазақстан Республикасының заңнамалық және өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiмен белгiленедi.

31-бап. Қылмыстық-атқару жүйесi органдарының қызметкерлерiн әлеуметтiк қорғаудың өзге шаралары

      Ескерту. 31-бап алып тасталды - ҚР 2012.01.18 N 547-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

5-тарау. ӘДІЛЕТ ОРГАНДАРЫНЫҢ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛУЫ МЕН ҚЫЗМЕТІНІҢ ӨЗГЕ ДЕ МӘСЕЛЕЛЕРІ

33-бап. Әдiлет органдарын қаржыландыру, материалдық-техникалық қамтамасыз ету

      Әдiлет органдарын қаржыландыру, материалдық-техникалық қамтамасыз ету бюджет қаражаты есебiнен жүзеге асырылады.

      Ескерту. 33-бап жаңа редакцияда - ҚР 2012.01.18 N 547-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

34-бап. Қорытынды және өтпелi ережелер

      1. Алып тасталды - ҚР 2010.12.29 N 372-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

      2. Алып тасталды - ҚР 2011.01.10 N 383-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      Ескерту. Заң 34-баппен толықтырылды - ҚР 2004.12.29 N 25, өзгерту енгізілді - ҚР 2007.03.26 N 240, 2008.06.24 N 46-IV (2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі), 2010.12.29 N 372-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 2011.01.10 N 383-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

 

Қазақстан Республикасының
Президенті