-A A +A

Солтүстік Қазақстан облысында әділет органдарының құрылу тарихы

Министрліктің даму тарихында кеңес кезеңінде халықтық әділет комиссары, Қазақ КСР Әділет министрлігі, ал тәуелсіздік кезеңінде – Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі қызметін қосады.

Құрылған күннен бастап отандық әділет органдары азаматтық және Ұлы Отан соғыстарына, бұзылу, тоқырау және қайта құрылу кезеңіне төзіп, құрылу жолының қиын кезеңін өтті. Әділет органдарының құрылу қайнарында РКФСР Халықтық әділет комиссариаты болды, оған соттық, прокурорлық, тергеулік және нотариаттық органдармен басшылық ету жүктелді.

Кейін, аумақтық деңгейде соттардың жұмыстарын ұйымдастыруды жүзеге асыратын әділет бөлімдері құрылды. Солтүстік Қазақстан облысында мұндай бөлім өз жұмысын Еңбек етуші халық депутаттары кеңесінің Солтүстік Қазақстан облысының облыстық атқару комитетінде 1971ж. қаңтарынан бастады, оның бірінші басшысы Мағзұм Әлжанұлы Әлжанов болды.

Тәуелсіздік құру кезеңінде республика аймақтарында әділет органдары 1988ж. құрылған облыстық әділет басқармалары және облыс аудандарында, Петропавл қ. АХАЖ бөлімдері ретінде болды.

1993 ж. бастап, «Қазақстан Республикасындағы құқықтық реформаның тиімділігін көтеру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес, республикада азаматтардың құқықтарына, бостандықтарына және заңды мүдделеріне әсер ететін және жалпыға міндетті мағынасы бар ведомстволық нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу институты енгізілді.

Осылайша, алдағы уақытта, нормативтік құқықтық актілерді тіркеу функциялары облыстық әділет басқармаларына берілді.

Сонымен бірге, 1995 жылдан бастап, әділет органдары сондай-ақ заңды тұлғаларды тіркеуге, филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеуге кірісті.

 «Аудандық әділет бөлімдерін (басқармаларын) құру туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2004ж. 25.02. № 47 бұйрығына сәйкес, аудандық және қалалық бөлімдер базасында әділет басқармалары құрылды, ал облыстық әділет басқармасы СҚО Әділет департаменті деп өзгертілді.

Сол уақытта, 2004 жылы  азаматтарды құжаттау функциясын жүргізу ҚР ІІМ-нен ҚР ӘМ-не берілді.

Бұдан басқа, 2007ж. облыстардың Әділет департаменттері, облыс аудандарының әділет басқармалары жылжымайтын мүлікке құқықтарды және олармен мәмілелерді тіркеуге кірісті.

2005 жылғы 18 ақпандағы «Қазақстан жедел экономикалық, әлеуметтік және саяси жандандыру жолында» атты Елбасының Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру мақсатында, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 5 қаңтардағы № 1 Қаулысына сәйкес, халыққа қолайлы болу және «бір терезе» принципі бойынша мемлекеттік органдардың жұмыстарын ұйымдастыру үшін қазіргі уақытта ҚР Байланыс және ақпарат министрлігіне берілген Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің халыққа қызмет көрсету орталықтары сияқты мемлекеттік мекемелер құрылды.

2007 жылы жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу жүйесін түбегейлі реформалау өткізіліп, «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды және олармен мәмілелерді мемлекеттік тіркеудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасының қаулысы қабылданды, соған сәйкес жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу бойынша функциялар және жылжымайтын мүлікке құқықтардың тіркелуі туралы ақпараттық қызметтер ұсыну аумақтық әділет органдарына берілді.

Бүгінгі күні Қазақстан Республикасының әділет органдары – бұл орнында жұмыс істейтін үлкен көп функционалды механизм, ол келесі маңызды мемлекеттік тапсырмалардың кең тобын атқарады: заңды тұлғаларды, жылжымайтын мүлікке құқықтарды, жергілікті өкілетті және атқарушы органдардың нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеуді жүзеге асырады; құқықтық көмекті ұйымдастыру және заңгерлік көмек көрсету, құқықтық насихатты қамтамасыз етеді; зияткерлік меншік құқығын қорғауды: атқарушылық құжаттарды орындау және Қазақстан Республикасының заңнамасымен жүктелген өзге де тапсырмаларды қамтамасыз етеді.