-A A +A

Ереже

Қазақстан Республикасы

Әділет министрінің

2017 жылғы 11 мамырдағы

№ 531 бұйрығына

15-қосымша

 

 

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің

Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаменті туралы

ЕРЕЖЕ

 

  1. Жалпы ережелер

 

1. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаменті (бұдан әрі – Департамент) әділет органдарының бірыңғай жүйесіне кіретін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің (бұдан әрі – Министрлік) аумақтық органы болып табылады.

         2. Департамент өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

         3. Департамент мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

         4. Департамент азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан қатысады.

         5. Департамент мемлекеттің атынан егер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оған уәкілеттілік берілген жағдайда азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.

         6. Департамент өз құзыретінің мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Департамент басшысының бұйрықтарымен ресімделген шешімдер қабылдайды.

7. Департамент құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.

8. Департаменттің заңды мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, 150010, Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласы, Казақстан Конституциясы көшесі, 72.

9. Департаменттің толық атауы – «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Солтүстік Қазақстан облысы әділет департаменті» Республикалық мемлекеттік мекемесі.

         10. Осы Ереже Департаменттің құрылтай құжаты болып табылады.

         11. Департамент қызметін қаржыландыру республикалық бюджеттен жүзеге асырылады.

         12. Департаментке кәсіпкерлік субъектілерімен Департамент функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

         Егер Департаментке заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер республикалық бюджеттің кірісіне жіберіледі.

 

  1. Департаменттің негізгі міндеттері, функциялары,

құқықтары мен міндеттері

 

13. Департаменттің міндеттері:

1) заңды тұлғаларды, жылжымайтын мүлікке құқықтарды, маслихаттардың, әкімдіктер мен әкімдердің, тексеру комиссияларының   нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыру;

2) мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыру, құқықтық көмек пен заңгерлік қызмет көрсетуді ұйымдастыру, құқықтық насихат саласында мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру;

3) зияткерлік қызмет құқықтарын қорғау  және сақтау саласында мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру;

4)  мемлекеттік саясатты іске асыру және қалыптастыру, сондай-ақ атқарушылық құжаттарды орындау саласындағы қызметті мемлекеттік реттеу;

5) әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша іс жүргізуді «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодексіне сәйкес жүзеге асыру;

6) «Мемлекеттік құпиялар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мемлекеттік құпияларды қорғауды жүзеге асыру.

14. Департаменттің функциялары:

1) мемлекеттік тіркеу саласында:

мәслихаттардың нормативтік құқықтық шешімдерін, әкімдіктердің нормативтік құқықтық қаулыларын, әкімдердің нормативтік құқықтық шешімдері мен тексеру комиссияларының нормативтік құқықтық қаулыларын мемлекеттік тіркеу, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізілімін жүргізеді;

әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркелуге тиiстi, бiрақ одан өтпеген нормативтiк құқықтық актiлерге қатысты заңның бұзылуын жою туралы ұсыныс енгiзеді;

жергiлiктi мемлекеттiк органдардың, әкімдердің олар қолданатын, Қазақстан Республикасы Конституциясының 4-бабына сәйкес жариялануы мiндеттi, бiрақ белгiленген тәртiппен жарияланбаған, нормативтiк құқықтық актілерiне қатысты заңның бұзылуын жою туралы ұсыныс енгiзеді;

әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркелуге тиiстi, Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келетiн нормативтiк құқықтық актiлерiне қатысты заңның бұзылуын жою туралы ұсыныс енгiзеді;

Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде белгiленген өзге де жағдайларда заңның бұзылуын жою туралы ұсыныс енгiзеді;

мәслихаттардың нормативтік құқықтық шешімдерінің, әкімдіктердің нормативтік құқықтық қаулыларын, әкімдердің нормативтік құқықтық шешімдерінің және тексеру комиссияларының нормативтік құқықтық қаулыларының мемлекеттік тіркеуден бас тартылған және тіркелген тізбесін көпшіліктің назарына ұсыну үшін жариялайды;

нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеуден бас тартуды жүзеге асырады;

әкімшілік істерді қарау және әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттаманы жасайды;

мәслихаттардың, әкімдіктердің, тексеру комиссиялары мен әкімдердің нормативтік құқықтық актілерінің ресми жариялауын бақылайды;

нормативтік құқықтық актілерге құқықтық мониторинг бойынша мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіреді;

облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері аппараттарының заң қызметтерімен өзара іс-қимыл жасайды;

заңды тұлғаларды және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеуді, жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркейді;

бизнес-сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімін жүргізеді;

құқықтық кадастрды жүргізеді;

заңды тұлғаларды, жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу мәселелері бойынша аудандық (қалалық) әділет басқармаларының қызметіне әдістемелік басшылық жасауды және үйлестіруді жүзеге асырады;

жергілікті атқарушы органдардың азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу мәселелері бойынша қызметтерін әдістемелік қамтамасыз етеді;

азаматтық хал актілерін тіркеуге бақылауды жүзеге асыру және тиісті дерекқорлардың жұмыс істеуін қамтамасыз етеді;

2) заңгерлік қызмет көрсетуді ұйымдастыру саласында:

нотариаттық және адвокаттық қызметпен айналысу құқығына үміткер және тағылымдамадан өткен адамдарды аттестаттаудан өткізеді; 

аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердiң, ауылдардың, ауылдық округтердiң әкiмдерi аппараттарының нотариаттық iс-әрекет жасауға уәкiлеттi лауазымды адамдарын аттестациялауды жүргiзеді;

нотариаттық палатамен бірлесіп жекеше нотариустың қызмет аумағын анықтайды;

мемлекеттік нотариаттық кеңселерді ашады және таратады;

Қазақстан Республикасы  заңдарының талаптарына сәйкес нотариустардың мөрлерiн жасауға тапсырысты жүзеге асыру және оларды береді;

нотариаттық округте нотариустар уақытша болмаған кезде нотариаттық палатамен бірлесіп, нотариаттық іс-әрекеттердің жасалуын ұйымдастырады;

нотариат мәселелері бойынша әдістемелік, нұсқамалық және түсіндірме материалдармен қамтамасыз етеді;

аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердiң, ауылдардың, ауылдық округтердiң әкiмдерi аппараттарының нотариаттық iс-әрекеттерді жүзеге асыратын лауазымды адамдарына әдiстемелiк және практикалық көмек көрсетеді;

халықты мемлекеттiк және жекеше нотариустардың қызмет ету аумағы туралы үнемi ақпараттандырады;

нотариустың лицензиясын тоқтата тұру, айыру және қолданылуын тоқтату туралы Министрлікке ұсыныс енгізеді;

нотариаттық палатамен бірлесіп, тиісті нотариаттық округте өз қызметін тоқтатқан нотариустың мөрін жою және құжаттарын басқа нотариусқа немесе жекеше нотариаттық мұрағатқа беру жөнінде, сондай-ақ егер нотариустың лицензиясының қолданылуы тоқтаған жағдайда оны лицензиарға беру үшін,   лицензияны алу жөнінде шара қабылдайды;

нотариаттық палатаға жекеше нотариусты жауапкершілікке тарту туралы ұсыныс енгізеді;

жекеше нотариустардың «Нотариат туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабының талаптарын сақтауын бақылауды ұйымдастыру және өзінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын жасаудан бас тартқан және Қазақстан Республикасының жекеше нотариустардың азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы заңнамасының өзге де талаптарын бұзатын жекеше нотариустарға шара қолданады;

нотариустар және аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердiң, ауылдардың, ауылдық округтердiң әкiмдерi аппараттарының лауазымды адамдары жасаған нотариаттық iс-әрекеттердiң заңдылығын және олардың iс жүргiзуiнiң жай-күйiн бақылауды жүзеге асырады;

адвокаттар мен нотариустардың жеке және заңды тұлғаларға көрсететін заңгерлік қызметтерінің сапасын бақылайды;

адвокаттық қызметпен айналысу лицензиясының мерзімін тоқтата тұру туралы және адвокаттың лицензиясын тоқтату туралы талап арызға бастамашылық ету туралы ұсыныстарды Министрлікке енгізеді;

бағалау қызметі саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;

әділет органдарынан және әкімшілік-аумақтық бірліктегі өзге де тиісті әділет органдарынан және осы аумақтағы нотариустардан шығатын ресми құжаттарға апостиль қояды;

құқықтық насихатты ұйымдастыруды үйлестіру, заңнаманы түсіндіруге қатысады;

азаматтық хал актілерін тіркеуге бақылауды жүзеге асырады;

нотариустардың халыққа құқықтық қызмет көрсетуі саласында заңдылықты ұйымдастырады және қамтамасыз етеді;

нотариустың Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасын сақтауын бақылауды жүзеге асырады;

аумақтық нотариаттық палатаның қызметін бақылауды жүзеге асырады;

аумақтық нотариаттық палатамен бiрлесiп Министрлiкке әрбір нотариаттық округтегi нотариустардың ең аз санын бекiту туралы ұсыныс енгiзеді;

мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсететін субъектілердің қызметін үйлестіруді, сондай-ақ көрсетілетін заң көмегінің сапасын бақылауды жүзеге асырады;

халықты мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсету туралы құқықтық сауаттандыруды және оларға құқықтық ақпарат беруді қамтамасыз етеді;

1993 жылғы 22 қаңтардағы және 2002 жылғы 7 қазандағы қылмыстық, отбасылық және азаматтық құқықтық қатынастар бойынша және құқықтық көмек көрсету туралы Конвенциясы шегінде құқықтық көмек көрсетуді ұйымдастырады;

мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсету жүйесіне қатысатын адвокаттардың тізімін тиісті облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымында жариялайды және өзінің интернет-ресурсына орналастырады;

терроризм актісінің салдарынан зардап шеккен жеке және заңды тұлғаларға және оның жолын кесуге қатысқан адамдарға өз құзыретіне қатысты мәселелер бойынша, оның ішінде қажетті құжаттарды беруде тегін қажетті құқықтық көмекті ұйымдастырады;

3) зияткерлік меншік құқықтарын қамтамасыз ету саласында:

Қазақстан Республикасының зияткерлік меншік саласындағы заңнамасының сақталуы тұрғысында жеке және заңды тұлғалардың жүгінуі негізінде жоспардан тыс тексерулерді жүзеге асырады;

зияткерлік меншікті қорғау саласындағы заңнаманы қолданудың практикасын қорытады;

зияткерлік меншік құқығын қорғау саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын түсіндіру жөнінде құқықтық түсіндіру жұмысын қамтамасыз ету және өткізу, аталған салада құқық бұзушылықты алдын алу мен анықтау, ескерту бойынша қабылданған шаралар туралы хабар береді; 

4) атқарушылық құжаттарды орындау саласында:

атқарушылық құжаттардың орындалуын қамтамасыз етеді (ұйымдастырушылық, әдістемелік қамтамасыз ету, бақылау, талдау, атқарушылық іс жүргізу бойынша шағымдар мен өзге де өтініштерді қарау, борышкерлердің тыйым салынған мүлкімен жұмыс);

жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасымен бірлесе отырып атқарушылық қызметті жүзеге асыратын жеке сот орындаушыларының біліктілігін арттыруды жүргізеді;

жеке сот орындаушыларын есептік тіркеуді жүргізеді;

жеке сот орындаушысы лицензиясының қолданылуын тоқтата тұру немесе тоқтату туралы ұсынысты Министрлікке енгізеді;

тәртіптік комиссияға жеке сот орындаушысын жауаптылыққа тарту туралы ұсыныс енгізеді;

жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасымен бірлесе отырып мемлекеттік және жеке сот орындаушылары жасайтын атқарушылық іс-әрекеттерінің заңдылығына және олардың іс қағаздарды жүргізу ережелерін сақтауына бақылауды жүзеге асырады;

жеке сот орындаушысы қызметімен айналысу құқығына үміткер және тағылымдамадан өткен адамдарды аттестаттаудан өткізеді; 

5) әкімшілік іс жүргізу саласында:

Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша іс жүргізуді жүзеге асырады;

6) жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде қарайды;

7) халыққа мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын мониторингтеуді және бақылауды жүзеге асырады;

8) жеке сот сарапшыларының қызметін бақылауды жүзеге асырады. 

15. Департаменттің құқықтары мен міндеттері:

Департамент өзіне жүктелген міндеттерді іске асыру және өзінің функцияларын жүзеге асыру кезінде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) өзінің құзыреті шегінде орындауға міндетті құқықтық актілерді қабылдауға;

2) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мемлекеттік органдардан, ұйымдардан, олардың лауазымды адамдарынан қажетті ақпарат пен материалдарды сұратуға және алуға;

3) мәслихаттар мен әкімдіктерде, тексеру комиссияларында мемлекеттік тіркеуге жататын нормативтік құқықтық актілерге тексеруді жүзеге асыруға;

4) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқығы бар.

 

3. Департаменттің қызметін ұйымдастыру

 

16. Департаментке басшылықты Департаментке жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын Депратамент басшысы жүзеге асырады.

17. Департамент басшысын Қазақстан Республикасы Әділет министрінің келісімімен Министрліктің Жауапты хатшысы лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады.

18. Департамент басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалатын және лауазымнан босатылатын орынбасарлары болады.

19. Департамент басшысының өкілеттігі:

1) құзыретінің шегінде Департамент қызметкерлерін лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады;

2) Департаменттің қызметкерлерін, басшының орынбасарларын, сондай-ақ аудандық (қалалық) әділет басқармаларының және сот актілерін орындау жөніндегі аумақтық бөлімдерінің басшылары мен қызметкерлерін іссапарға жіберу, еңбек демалысын беру, материалдық көмек көрсету, дайындау (қайта дайындау), біліктілігін арттыру, ынталандыру, үстемақы және сыйақы төлеу мәселелерін шешеді;

3) еңбек қатынастарының мәселелері жоғары тұрған мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдардың құзыретіне жатқызылған қызметкерлерді қоспағанда, заңнамада белгіленген тәртіппен  Департаменттің қызметкерлеріне тәртіптік жаза қолданады және көтермелеу шараларын қабылдайды;

4) өз құзыреті шегінде бұйрықтар шығарады;

5) Департаменттің құрылымдық бөлімшелері, аудандық (қалалық) әділет басқармалары, сот актілерін орындау жөніндегі аумақтық бөлімдері туралы ережелерді бекітеді;

6) өз құзыреті шегінде барлық мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда Департаменттің мүддесін білдіреді;

7) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттікті жүзеге асырады.

Департамент басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін орындауды Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.

20. Департамент басшысы өз орынбасарларының өкілеттіктерін қолданыстағы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес белгілейді.

 

4. Департаменттің мүлкі

 

21. Департаменттің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығындағы оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.

Департамент мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

22. Департаментке бекітілген мүлік республикалық меншікке жатады.

23. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Департаменттің өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

 

5. Департаментті қайта ұйымдастыру және тарату

 

24. Департаментті қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

 

Департаменттің қарамағындағы аумақтық бөлімшелердің

және бөлімдердің (филиалдардың) тізімі

 

1. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігінің Солтүстiк Қазақстан облысы Әдiлет департаментінің Аққайың аудандық әдiлет басқармасы.

2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Солтүстік Қазақстан облысы Әдiлет департаментінің Айыртау аудандық әдiлет басқармасы.

3. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнің Солтүстiк Қазақстан облысы Әдiлет департаментінің Ақжар аудандық әдiлет басқармасы.

4. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнің Солтүстік Қазақстан облысы Әдiлет департаментінің Мағжан Жұмабаев аудандық әдiлет басқармасы.

5. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнің Солтүстік Қазақстан облысы Әдiлет департаментінің Есiл аудандық әдiлет басқармасы.

6. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Солтүстiк Қазақстан облысы Әдiлет департаментінің Жамбыл аудандық әдiлет басқармасы.

7. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Солтүстiк Қазақстан облысы Әдiлет департаментiнің Қызылжар аудандық әдiлет басқармасы.

8. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігінің Солтүстiк Қазақстан облысы Әдiлет департаментінің Мамлют аудандық әдiлет басқармасы.

9. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнің Солтүстiк Қазақстан облысы Әдiлет департаментінің Шал ақын  аудандық әдiлет басқармасы.

10. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігiнің Солтүстiк Қазақстан облысы Әдiлет департаментінің Тайынша аудандық әдiлет басқармасы.

11. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігінің Солтүстiк Қазақстан облысы Әділет департаментiнің Тимирязев аудандық әдiлет басқармасы.

12. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігінің Солтүстік Қазақстан облысы Әділет департаментінің Уәлиханов аудандық әдiлет басқармасы.

13. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігінің Солтүстiк Қазақстан облысы Әдiлет департаментінің Ғабит Мүсiрепов атындағы аудандық әдiлет басқармасы.

14. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігінің Солтүстiк Қазақстан облысы Әдiлет департаментінің Петропавл қалалық әдiлет басқармасы.

15. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігінің Солтүстiк Қазақстан облысы Әдiлет департаментінің филиалы «Аққайың ауданының сот орындаушылар аумақтық бөлімі».

16. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігінің Солтүстiк Қазақстан облысы Әдiлет департаментінің филиалы «Айыртау ауданының сот орындаушылар аумақтық бөлімі».

17. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігінің Солтүстiк Қазақстан облысы Әдiлет департаментінің филиалы «Ақжар ауданының сот орындаушылар аумақтық бөлімі».

18. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігінің Солтүстiк Қазақстан облысы Әдiлет департаментінің филиалы «Мағжан Жұмабаев ауданының сот орындаушылар аумақтық бөлімі».

19. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігінің Солтүстiк Қазақстан облысы Әдiлет департаментінің филиалы «Есiл ауданының сот орындаушылар аумақтық бөлімі».

20. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігінің Солтүстiк Қазақстан облысы Әдiлет департаментінің филиалы «Жамбыл ауданының сот орындаушылар аумақтық бөлімі».

21. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігінің Солтүстiк Қазақстан облысы Әдiлет департаментінің филиалы «Қызылжар ауданының сот орындаушылар аумақтық бөлімі».

22. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігінің Солтүстiк Қазақстан облысы Әдiлет департаментінің филиалы «Мамлют ауданының сот орындаушылар аумақтық бөлімі».

23. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігінің Солтүстiк Қазақстан облысы Әдiлет департаментінің филиалы «Шал ақын ауданының сот орындаушылар аумақтық бөлімі».

24. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігінің Солтүстiк Қазақстан облысы Әдiлет департаментінің филиалы «Тайынша ауданының сот  орындаушылар аумақтық бөлімі».

25. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігінің Солтүстiк Қазақстан облысы Әдiлет департаментінің филиалы «Тимирязев ауданының сот орындаушылар аумақтық бөлімі».

26. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігінің Солтүстiк Қазақстан облысы Әдiлет департаментінің филиалы «Уәлиханов ауданының сот орындаушылар аумақтық бөлімі».

27. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігінің Солтүстiк Қазақстан облысы Әдiлет департаментінің филиалы «Ғабит Мүсiрепов атындағы ауданының сот орындаушылар аумақтық бөлімі».

28. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігінің Солтүстiк Қазақстан облысы Әдiлет департаментінің филиалы «Әкімшілік айыппұлдар өндіріп алу жөніндегі  бөлімі».

29. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігінің Солтүстiк Қазақстан облысы Әдiлет департаментінің филиалы «Алимент төлемдерін өндіріп алу жөніндегі  бөлімі».

30. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігінің Солтүстiк Қазақстан облысы Әдiлет департаментінің филиалы «Сот үкімдерін орындау және мемлекеттік кірісіне айналдырылған мүліктер бөлімі».

31. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігінің Солтүстiк Қазақстан облысы Әдiлет департаментінің филиалы «Жеке тұлғалардан өндіріп алу жөніндегі  бөлімі».

32. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігінің Солтүстiк Қазақстан облысы Әдiлет департаментінің филиалы «Заңды тұлғалардан өндіріп алу жөніндегі  бөлімі».