-A A +A

Әділет департаменті басшысының орынбасарлары

Солтүстік Қазақстан облысы Әділет департаменті басшысының орынбасары – Дмитрий Владимирович Колода

Дмитрий Владимирович Колода, 1975 жылғы 8-қыркүйекте туған. Ұлты – орыс. 2000 жылы «заңтану» мамандығы бойынша Қорған мемлекеттiк Университетiн бiтiрдi.

Д.В.Колода өзiнiң еңбек жолын 1994 жылдың кыркүйегiнен Солтүстiк Қазақстан облысы Сергеев ауданы прокурорының аға көмекшiсi болып бастады. 1999 жылдың шiлдесiнен — Солтүстiк Қазақстан облысының прокуратурасы жанындағы А және ҚСО  қылмыс туралы статистика калыптастыру бөлiмiнiц аға прокуроры. 2000 жылдың қантарынан СҚО Шал ақын ауданы прокурорының көмекшiсi кызметiн аткарды. 2004 жылгы шiлдеден СҚО Айыртау ауданы прокурорының көмекшiсi лауазымына ауыстырылды.

2004 жылдың қыркүйегінен бастап 2004 жылдың қарашасына дейін – СҚО Тимирязев ауданы әдiлет баскармасы бастығының м.а. 2004 жылдың қараша айынан бастап 2005 жылдың наурыз айына дейін СҚО Тимирязев ауданы әдiлет басқармасы бөлімінің бастығы.  2005 жылдың наурыз айынан 2007 жылдың қараша айына дейін - СҚО Тимирязев ауданы әдiлет баскармасы бастығы болды.

2007 жылдың қараша айынан бастап қазіргі уақытқа дейін Солтүстік Қазақстан облысы Әділет департаменті басшысының орынбасары болып табылады.

«ҚР Тәуелсіздігінің 20-жылдығына» құрметтеу грамотасымен марапатталды, III дәрежелі «Заңгер» төсбелгісі бар.

Үйленген. Үш баласы бар.

Солтүстік Қазақстан облысы Әділет департаменті басшысының орынбасары – Гүлнара Қалиқанқызы Қожахметова

        Гүлнар Қалиқанқызы Қожахметова 1964 жылғы 17 маусымда СҚО Сергеев ауданы Приишимский совзохында туған. Ұлты – қазақ. 1994 жылы – Қазақ мемлекеттік басқару академиясын «экономикалық және әлеуметтік жоспарлау» мамандығы бойынша, 2001 жылғы қарашада – Орта-Азиялық университетін «заңтану» мамандығы бойынша бітірді.

 Г.Қ. Қожахметова, өзінің еңбек жолын 1981 жылы Целиноград медицина институтының микробиология кафедрасында аға препараторынан бастады.

1984 жылдан 1987 жылға дейін Сергеев СӨТУ-12 хатшысы болды, 1987 жылдан 1988 жылға дейін Сергеев ауданының аудандық партия комитетінің машинисткасы болып істеді. 

1988 жылдың ақпанынан бастап 1999 жылдың қаңтарына дейін Сергеев ауданы АХАЖ аудандық бюросының инспекторы,  АХАЖ бөлімінің маманы лауазымында болды.

1999 жылдың қаңтарынан бастап 2004 жылдың маусымына дейін Шал ақын ауданы АХАЖ бөлімінің бастығы, Шал ақын ауданы әділет бөлімі бастығының міндетін атқарушы болып қызмет атқарды.

2004 жылдың маусымынан бастап Шал ақын ауданы әділет бөлімінің бастығы лауазымына тағайындалды. 2004 жылдың қазанында Г.Қ.Қожахметова  Қызылжар ауданы әділет басқармасының бастығы лауазымына ауыстырылды. 2005 жылдың наурызынан бастап 2011 жылдың қаңтарына дейін Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы әділет басқармасының бастығы болды.

2011 жылдың 12 қаңтарынан бастап қазіргі уақытқа дейін Солтүстік Қазақстан облысы Әділет департаменті басшысының орынбасары.

            Қазақстан Республикасыда АХАЖ органдары құрылуының 80-жылдығын мерекелеу құрметіне адал еңбек атқарғаны үшін, сондай-ақ Қазақстан халықтарының бірлігі күні мерекесін тойлауға байланысты Қазақстан Республикасы Әділет министрінің бұйрығымен алғыс жарияланды. Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 10-жылдығы құрметіне мерейтойлық медальмен марапатталды. Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20-жылдығын мерекелеуге байланысты «Әділет органдарының үздігі» төсбелгісімен марапатталды.

          Үйленген. Бір баласы бар.

Солтүстік Қазақстан облысы Әділет департаменті басшысының орынбасары - Батырбек Құрманханұлы Қалабаев

Батырбек Құрманханұлы Қалабаев 1972 ж. 27 маусымда Жамбыл облысы Шу қ. Новый путь с. туған. Екі жоғары білімі бар: құрылысшы инженер және заңгерлік.

1998ж. ақпаннан бастап 2009ж. желтоқсанға дейін – СҚО, Тайынша ауданы, «КБК» ЖШС директорының лауазымын атқарды.

2009ж. желтоқсаннан бастап 2010ж. қазанға дейін – «Тайынша ауданының әкімі аппараты» ММ құрылыс бөлімі басшысының лауазымын атқарды.

2010ж. қазаннан бастап 2012ж. қазанға дейін СҚО, Тайынша қаласы әкімінің лауазымын атқарды.

2012ж. қазаннан бастап 2013ж. наурызға дейін Петропавл қаласы әділет басқармасының бас маманы қызметін атқарды.

2013ж. наурыздан бастап 2013ж. мамырға дейін СҚО, Ғ.Мүсірепов ат. ауданының әділет басқармасы басшысының лауазымын атқарды.

2013ж. мамырдан бастап 2013ж. маусымға дейін Тайынша ауданының әділет басқармасы басшысының лауазымын атқарды.

2014ж. маусымнан бастап 2014ж. қарашаға дейін Солтүстік Қазақстан облысы Сот актілерін орындау департаменті басшысының лауазымын атқарды.

2014 жылдың қараша айынан бастап қазіргі уақытқа дейін Солтүстік Қазақстан облысы Әділет департаменті басшысының орынбасары болып табылады.

Үйленген, 2 ұл мен қызды тәрбиелеуде.