-A A +A

Зияткерлік меншік құқығын қорғау – елдің мәдени экономикалық дамуының бастауы

     2018 жылдың 8 қаңтарында СҚО Айыртау ауданы әділет басқармасымен Айыртау ауданының кәсіпкерлер палатасының филиалдарының қызметкерлерімен «Зияткерлік меншік құқығын қорғау – елдің мәдени  экономикалық дамуының бастауы» тақырыбына семинар өткізді.

     Іс-шараның мақсаты: зияткерлік меншік саласындағы білім деңгейін көтеру және оқыту болды.

    Өзінің баяндамасында әділет басқармасының маманы Қазақстандағы зияткерлік меншікті және құқықтық аспектілерді қорғауға аса назар аударып, осы саладағы заңнаманы жетілдіру сұрақтарын қозғады. Зияткерлік меншік жүйесін арттыру келешегі және оның мәселері жөнінде әңгімеледі.

     Кездесудің қорытындысы бойынша барлық қойылған сұрақтарға жеткілікті жауаптар берілді.

 

Солтүстік Қазақстан облысы

Әділет департаментінің

баспасөз қызметі