-A A +A

Жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу және міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүлік кепілін тіркеу мәселелері бойынша өзгертулер енгізілді

2017 жылдың 19 маусымда Уәлиханов ауданының әділет басқармасы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ-ның СҚО бойынша филиалы - «Халыққа қызмет көрсету орталығы» департаментінің Уәлиханов аудандық бөлімі қызметкерлерінің қатысуымен «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу және міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүлік кепілін тіркеу мәселелері бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің стандарттарына өзгертулер енгізілді» тақырыбына оқыту семинарын өткізді.

Кездесу барысында     қатысушылар жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарына 2017 жылдың 27 сәуірдегі № 490 ҚР Әділет министрінің бұйрығымен енгізілген өзгертулермен таныс болды.

Кездесудің қорытындысы ретінде кәсіпкерлік қызмет үшін жағдайды түбегейлі жақсартумен байланысты мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын жетілдіру Қазақстанның ДЭФ БҚЖИ  рейтингісінде көрсеткіштерін жақсарту болып табылатыны аталып өтті.

Солтүстік Қазақстан облысы

Әділет департаментінің

баспасөз қызметі