-A A +A

«Жылжымайтын мүлікке құқық ауыртпалықтарын электрондық тіркеу»

      Енгізілген жылжымайтын мүлікке құқық ауыртпалықтарын электрондық тіркеу аясында 2017 жылдың 10 қаңтар күні ҚР ӘМ Солтүстік Қазақстан облысы Әділет департаментінің Тимирязев ауданның әділет басқармасына жеке сот орындаушысымен салынған алғашқы электрондық форматтағы тыйым салу түсті.

      Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының 2017 жылғы 26 сәуірден №44 және Қазақстан Републикасы Әділет министрлігінің 2017 жылғы 20 сәуірден №446 бірлескен бұйрығымен борышкердің жылжымайтын мүлкін иеліктен шығаруына  (тыйым салуына), заңды тұлғаның тіркеу әрекеттеріне және заңды тұлғаның жарғылық капиталындағы борышкердің үлесіне электрондық режимде шектеу қою (алу) бойынша әдістеме бекітілді.

      Бұл жаңа енгізілім атқарушылық іс жүргізу аясында борышкерге тиесілі жылжымайтын мүлік табылған кезінде, уәкілетті лауазымды тұлғаларға  ауыртпалықтарды дереу салуға мүмкіндік береді, өз кезегінде ол сот шешімін орындаудан жалтаруға жол бермейді.

       Сот орындаушыларымен электрондық форматта ауыртпалықтарды салу (алу) «Жылжымайтын мүлік тіркелімі» Мемлекеттік деректер қоры және Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің атқарушылық іс жүргізу органдарының автоматтандырылған ақпараттық жүйесі ақпараттық жүйелерінің бірігуі арқасында мүмкін болды. 

 

Солтүстік Қазақстан облысы

Әділет департаментінің

баспасөз қызметі