-A A +A

Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының қызметкерлері үшін құқықтық жаппай оқу

        

2017 жылдың 2 қараша күні Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінің жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу жұмысын ұйымдастыру бөлімінің бас маманы жылжымайтын мүлікпен келісімдерді жасау кезінде туындайтын сұрақтар бойынша «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» КММ қызметкерлері үшін өткізілген құқықтық жаппай оқудың отырысына қатысты.

           Кездесу барысында жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу кезінде туындайтын проблемалық сұрақтар талқыланды. Электрондық форматындағы нотариалдық келісімдердің тәртібі, сондай-ақ нотариалдық емес келісімдерді жасау тәртібі түсіндірілді. Құқықтарды мемлекеттік тіркеу үшін «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» КеАҚ филиалы арқылы жүгіну қажеттілігі ескертілді.   

           Қорытындысында басқарманың қызметкерлерінен түскен сұрақтарға түсінік берілді.

 

Солтүстік Қазақстан облысы

Әділет департаментінің

баспасөз қызметі