-A A +A

Жемқорлықпен күрес

          2018 жылдың 4 қаңтарында СҚО Айыртау ауданы Әділет басқармасы Прокуратура, ХҚКО, әділет басқармасының қызметкерлерімен және сот орындаушылармен «Сыбайлас жемқорлықпен күресу» атты тақырыбына «дөңгелек үстел» отырысын өткізді.

Мақсаты – мемлекеттік органдар қызметінің арасында сыбайлас жемқорлық көріністерін алдын-алу.  

           Әділет басқармасының басшысы өзінің сөз сөйлеуінде, Қазақстан Президентінің халыққа Жолдауында айтылғандай, сыбайлас жемқорлықпен күрес - ең маңызды сұрақтардың бірі. Сыбайлас жемқорлық мемлекетке қоғамдық қауіп төндіріп, қоғамдық өмірдің әр түрлі салаларына енеді. Мемлекеттік қызметкерлер сыбайлас жемқорлық көріністеріне қарсы тұру, қызметтік ақпаратты пайдакүнемдік мақсатта пайдалануды болдырмау,  мемлекеттік қызметкердің негізгі мінез-құлық стандарттарының бірі болып есептеледі.

            Сыбайлас жемқорлық  мемлекетті әлсіздендіреді, сондықтан сыбайлас жемқорлықпен күресу мемлекеттік саясат бағытында негізгі басымдылықтардың бірі.

            Сонымен қатар, қатысушылар қойылған сұрақтарды талқылап, сыбайлас жемқорлық мәселесін шешу кезінде халықты ынтымақтастыққа шақырып, жемқорлыққа  қарсы қойылған сұрақтарды жеңуге, мемлекетке үлкен көмек көрсетілетіндігі  жайлы айтылып өтті.

Солтүстік Қазақстан облысы

Әділет департаментінің

баспасөз қызметі