-A A +A

Жеке сот орындаушыларымен тыйым салынған мүлікті сату барысындағы мәселелі сұрақтар

2017 жылғы 28 қарашада Жеке сот орындаушыларының аумақтық палатасымен СҚО Әділет департаментінің ғимаратында жеке сот орындаушыларының қызметін ұйымдастыру және жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу бойынша жұмысты ұйымдастыру бөлімдері қызметкерлерінің, СҚО Прокуратурасы, СҚО Әкімдігінің жер қатынастары басқармасы өкілдерінің қатысуымен «Атқарушылық құжаттарды орындау кезінде уақытша жерді пайдалану құқығына тыйым салу кезінде туындайтын мәселелі сұрақтар» тақырыбына «дөңгелек үстел» өткізілді.

Кездесу барысында өндіріп алуға жүгіну және ҚР «Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы» Заңының 62 б. сәйкес сот орындаушыларымен атқарушылық құжатының талаптарын орындауында уақытша жер пайдалану құқығына тыйым салу бойынша сұрақтар талқыланды.

Іс-шараның қорытындысы бойынша ҚР «Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы» Заңының 62 б. нормасын қолдану тәжірибесін қорытындылау және осы нормаға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы шешім қабылданды.

СҚО Әділет депаратментінің

баспасөз қызметі