-A A +A

Заңды тұлғаның, оның филиалы мен өкілдіктің қызмет түрлерін енгізу және өзгерту

             2017 жылғы 22 маусымда  СҚО Тайынша аудандық әділет басқармасы  Тайынша  ауданының статистика бөлімімен бірлесіп  «Заңды тұлғаның, оның филиалы мен өкілдіктің  қызмет түрлерін енгізу және өзгерту» тақырыбындағы  «дөңгелек үстел»  отырысы   өткізілді.

             Іс  шара  барысында  Статистика  Комитетінен  түскен  ЭҚНК өзекті  кодтарын «Заңды тұлғалар» мемлекеттік деректер қорының барлық процесстерінде (алғашқы тіркеуден басқа) көрсету бойынша  өзгертулер  талқыланды.  Аталмыш  түзету  заңды тұлғалар  тарапынан   шағымдарды  болғызбау  мақсатында  өткізілді.

               Кездесуді  қорыта  келе,   әділет басқармасының басшысының айтуынша ЭҚНК (экономикалық қызметтің негізгі коды) бойынша өзекті мәселелерді жинақтаушы  Статистика комитеті болып табылады, сондай-ақ бизнес-сәйкестендіру нөмірлерінің Ұлттық реестріне  «Заңды тұлғалар» мемлекеттік деректер қорына мәліметтердің   енгізілуі  заңды тұлғалардың   өтініштері   бойынша  іске   асырылады.

Солтүстік Қазақстан облысы

Әділет департаментінің

баспасөз қызметі