-A A +A

Заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеу тәртiбi

     2018 жылғы 11 қаңтарда СҚО Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның әділет басқармасында ауданның кәсіпкерлерімен және ауданның кәсіпкерлер бөлімінің, халықты жұмыспен қамту орталығының, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ Солтүстік Қазақстан облысы бойынша филиалы «ХҚКО» Департаментінің Ғабит Мүсірепов атындағы аудандық бөлімінің өкілдерінің қатусымен «Заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеу тәртiбi» тақырыбына «дөңгелек үстел» өткізілді.

     Іс-шара кезінде, кәсіпкерлік субъектілеріне жататын заңды тұлғаларға мемлекеттік тiркеу ерекшеліктері, мерзімі  және тәртібі анықталды. Сондай-ақ, заңды тұлғаларға мемлекеттік тiркеу бағытты бойынша ҚР заңнамасында жаңалықтар түсіндірілді.

       Әділет басқармасының басшысымен 2018 жылдың 1 қаңтардан бастап "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы шағын және орта кәсіпкерлік субъектісіне жататын заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу кезінде, банктік шотын ашуға және жұмыскерді жазатайым оқиғадан міндетті сақтандыруға өтініш электрондық нысанда тапсырылатына назар аударылды. Сонымен қатар, қосылған құнға салық бойынша тіркеу есебіне қою қарастырылғаны түсіндірілді.

         «Дөңгелек үстел» барысында қойылған сұрақтарға толыққанды жауаптар берілді.

Солтүстік Қазақстан облысы

Әділет департаментінің

                                                                                                                                     баспасөз қызметі