-A A +A

Тайынша ауданында зияткерлік меншік құқықтарын және бизнесті қорғау мәселелері бойынша брифинг өтті

2017 жылғы 15 желтоқсанда СҚО Тайынша ауданының әділет басқармасы  Тайынша ауданы Кәсіпкерлер палатасының өкілдерімен, аудандық ішкі істер бөлімінің қызметкерімен, кәсіпкерлермен, «Тайыншинские вести» аудандық газетінің өкілімен бірлесіп, зияткерлік меншік құқықтарын және бизнесті қорғау мәселелері  бойынша брифинг өткізді.

Іс-шара барысында әділет басқармасының басшысы сөз сөйлеп, Қазақстан Республикасымен Қазақстанда қорғалған зияткерлік меншік құқықтары және тауар таңбалары бар тауарды өндіру үшін қолайлы жағдайлар қалыптастыру бойынша мақсатты жұмыстар жүргізіліп жатқанын атап өтті. Заңнаманы жетілдіруге, зияткерлік «қарақшылықпен» күреске аса назар аударылып отыр. Зияткерлік меншік құқықтарын қорғау бойынша шетелдермен және халықаралық ұйымдармен өзара әрекеттестікті күшейту үшін барлық қажетті шаралар қолданылуда.

Іс-шараның соңында индустриялық – жаңашырлық даму жағдайында  зияткерлік меншік барлық деңгейдегі бизнестің бәсекеге қабілеттілігін арттыру және  дамытудың  шешуші факторларының бірі болып табылатыны айтылды.

СҚО Әділет департаментінің

баспасөз қызметі