-A A +A

Сот үкімін, сот шешімдерін немесе өзге де сот актісін орындамау

Шал ақын аудандық сотында «Сот үкімін, сот шешімдерін немесе өзге де сот актісін не атқарушылық құжатты орындау» тақырыбына «дөңгелек үстел» отырысы өткізілді, отырысқа судьялар, мемлекеттік сот орындаушысы, жеке сот орындаушысы, аудандық прокуратура өкілі қатысты.

«Дөңгелек үстел» отырысы барысында сот төрағасы Қазақстан Республикасының әрбір азаматы сот шешімдері мен өзге де актілерді орындауға міндетті екенін белгілеп, өткізіліп отырған іс-шараның өзектілігі мен маңыздылығын атап өтті.

Прокурордың аға көмекшісі мен сот орындаушылары өздерінің сөздерінде ҚР ҚК-нің 430 б. және 139 б. қолданудың негізгі сәттерін айқындады.

Бұдан артық, «дөңгелек үстел» отырысы шеңберінде борышкерлерді қылмыстық жауапкершілікке тарту үшін материалдардың саны мен сапасын әрі қарай ұлғайту, сондай-ақ құжаттарды сауатты жасау, қылмыстық жауапкершілікке тарту бойынша ішкі істер органдарымен жұмысты ретке келтіру қажеттілігі туралы мәселелер талқыланды.

Кездесуді қорытындылай келе, жиналғандар сындарлы диалог болғанын атап өтті, «дөңгелек үстел» отырысында көтерілген барлық өзекті мәселелер және айтылған ұсыныстар алдағы уақытта ескерілетін болады.

СҚО Әділет департаментінің

баспасөз қызметі