-A A +A

Солтүстік Қазақстан облысындағы белсенді қызмет

          Белсенді форматта баланың тууын тіркеу бойынша пилоттық жобаны іске қосқаннан бастап, Солтүстік Қазақстан облысында Тайынша және Ғ. Мүсірепов атындағы аудандарының бала туған 2 ана SMS-хабарлама арқылы дүниеге келген балалардың туылуын тіркеді. Аталған  қызмет жаңа туған нәрестелердің аналарына тікелей перзентханада туу туралы куәлік алуға ғана емес, баланы балабақшаға кезекке қоюға және жәрдемақыны ұйымдастыруға мүмкіндік берді.

         Тууын тіркеу рәсімін жүргізудің белсенді қызметін енгізу 2018 жылдың 10 қаңтарындағы Қазақстан Республикасы Президентінің «Төртінші индустриалды революция жағдайында дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асырудың бір қадамы болып табылады.

 

СҚО Әділет департаментінің

баспасөз қызметі