-A A +A

СҚО жеке сот орындаушыларымен кеңес

2017 жылдың 10 қарашасында СҚО Әділет департаментінің ғимаратында жеке сот орындаушылар қызметін ұйымдастыру бөлімінің және жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу жұмысын ұйымдастыру бөлімі қызметкерлерінің қатысуымен Жеке сот орындаушылардың өңірлік палатасымен «Мемлекеттік пайдасына өндіру туралы атқарушылық құжаттарының өндіруін көтеруі» тақырыбына кеңес өткізілді.
Кеңес өткізу барысында сот орындаушыларымен атқарушылық құжатының талабын орындауында уақытша жер пайдалану құқығына тыим салу және оған өндіруді айналдыру туралы сұрақтар талқыланды.
 Кеңесінің қорытындысы бойынша жеке сот орындаушыларына 2017 жылдың аяғына дейін Стратегиялық жоспарының  орындаудығы атқарушылық іс жүргізулердің жалпы санының 54 % аяқтау бойынша мақсатты индикаторына қол жеткізу жөнінде қажетті шаралар қабылдауды тапсырылды. Сонымен бірге, мемлекет кірісіне өндіріп алу бойынша, оның ішінде әкімшілік айыппұлдарды өндіріп алу бойынша, алименттерді және жалақысын өндіріп алу жөніндегі жұмысты күшейтуін ұсынылды.
 
 
Солтүстік Қазақстан облысы
Әділет департаментінің
баспасөз қызметі