-A A +A

СҚО Үйлестіру Кеңесінің кезекті отырысы өтті

2017 жылғы 14 маусымда Солтүстік Қазақстан облысы Әділет департаментінің басшысы Р.С. Кактай Мемлекеттік органдарының заң қызметі Үйлестіру Кеңесінің кезекті отырысын өткізді.

Кездесу барысында СҚО ӘД нормативтік құқықтық актілерді тіркеу бөлімінің бас маманы Ж.У. Әбдірахманова 2016 жыл ішінде бөліммен өткізілген қосымша құқықтық мониторинг қорытындылары туралы, сонымен қатар 2016 жылға арналған заң бұзушылықтарын жою туралы ұсыныстарды және мемлекеттік басқарудың жергілікті органдарына жолданған ақпараттық хаттарды қорытындылау нәтижелері туралы сөз сөйледі.

ҚР Президентінің «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауын түсіндіру бойынша өткізілген жұмыстар туралы баяндамамен СҚО ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары А.Е. Хабибулин, «Нұр Отан» партиясының Петропавл қалалық филиалының Саяси Кеңесінің мүшесі И.С. Татваев сөз сөйледі.

Сонымен қатар СҚО Әділет департаменті жанындағы Мемлекеттік органдары заң қызметінің Үйлестіру Кеңесі мүшесіне НҚА әзірлеуші 18 мемлекеттік орган қабылданды.

Іс-шараның нәтижесі бойынша 2017 жылдың 3 тоқсанына арналған СҚО Әділет департаменті жанындағы Мемлекеттік органдары заң қызметінің Үйлестіру Кеңесінің жұмыс жоспары бекітілді.

 

Солтүстік Қазақстан облысы

Әділет департаментінің

баспасөз қызметі