-A A +A

СҚО Петропавл қ. кезекті «Халық заңгері» республикалық әлеуметтік акциясы өтті

2017 жылғы 14 маусымда СҚО Петропавл қаласында СҚО Әділет департаменті бөлімдерінің басшылары, мемлекеттік және жеке сот орындаушылар, Солтүстік Қазақстан облысы адвокаттар алқасының адвокаттары «Халық заңгері» республикалық әлеуметтік акциясына қатысты, оның барысында азаматтар тегін кеңестер алу мүмкіндігіне ие болды.

Сонымен қатар азаматтарға «Петропавл қ. әкімдігінің ішкі саясат бөлімі» КММ, «Петропавл қ. әкімдігінің тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» КММ, «Петропавл қ. әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» КММ, «Петропавл қ. әкімдігінің сәулет және қала құрылысы бөлімі» КММ, «Петропавл қ. әкімдігінің білім бөлімі» КММ, «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» КММ қызметкерлері, Петропавл қаласы мәслихатының депутаттары, СҚО Прокуратурасының, СҚО «Атамекен» РКП өкілдері, Астана қ. заңгерлері мен адвокаттары кеңестер берді.

3 сағатқа созылған акция барысында 18-80 жас аралығында 100-ге жуық адам тегін білікті құқықтық көмек алды. СҚО Әділет департаментінің мамандары алименттерді өндіріп алу, атқарушылық өндіріс, жылжымайтын мүлікті тіркеу, жеке сот орындаушыларының қызметі жайлы мәселелер және өзге де сұрақтар бойынша кеңестер берді.

Кездесудің соңында осындай акцияны өткізу  құқықтық нигилизмді жоюға және халық арасында сауаттылықты арттыруға әрекет ететіні айтылды.

Іс-шараға қатысушылардың барлығына құрмет хаттары берілді.

Аталған акция бұқаралық ақпарат құралдарында және ақпараттық жүйелерде баяндалды.

Солтүстік Қазақстан облысы

Әділет департаментінің

баспасөз қызметі