-A A +A

СҚО Әділет департаментінің басшысы Руслан Сұлтанұлы Кактай «Қазақстан-Петропавл» ОТРК-ның «Из первых уст» бағдарламасында сөз сөйледі

2017 жылы сәуірдің 20 жұлдызында СҚО Әділет департаментінің басшысы Руслан Сұлтанұлы Кактай «Қазақстан-Петропавл» ОТРК-ның «Из первых уст» бағдарламасында сөз сөйледі. Оның барысында зияткерлік меншікке қатысты маңызды сұрақтар қарастырылды. Солардың бірі – «Тауар белгілеріне өз құқықтарын құқық иеленушілер қалай қорғай алады?». 2016 жылы жеке кәсіпкерлермен тауар белгілерін заңсыз пайдаланудың 10 фактілері айқындалды. Осыған байланысты, ҚРӘҚтК 158 б. сәйкес әкімшілік жауапкершілікке 10 тұлға тартылды (жалпы сомасы 848400, айыппұл сомасының  90%-дан жоғары құқық бұзушылармен төленді, жалпы сомасының 179510 тәркіленген өнімнің саны 110). Сонымен қатар, 2016 жылы ҚР Әділет министрлігі және басқа мүдделі органдарымен «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне зияткерлiк меншiк саласында өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» Заңының жобасының дайындалуы жөнінде және мемлекетіміздің барлық аумақтарында қоғамдық тыңдалымдарда талқылауға салынғандығы туралы басшымен айтып ескертілді.

 

Солтүстік Қазақстан облысы

Әділет департаментінің

баспасөз қызметі