-A A +A

СҚО Әділет департаментінің басшысы қаланы көгалдандыруға қатысты

 

Қоршаған ортаның жағдайын жақсарту және халықтың экологиялық мәдениет деңгейін арттыру мақсатында жыл сайын сенбіліктер өткізіледі.

Петропавл қ. көркейту бойынша үш айлық шеңберінде аумақты жинау және қаланы көгалдандыру бойынша белсенді жұмыс жүргізілуде.

Осыған байланысты 2017 жылғы 29 сәуірде СҚО Әділет департаментінің  басшысы Р.С. Кактай және СҚО Әділет департаменті басшысының орынбасары Д.В. Колода қаланы көгалдандыруға қатысты, сонымен бірге мәдениет және демалыс паркінде орналасқан фонтанның аумағында ағаштар отырғызды.

СҚО Әділет департаментінің қызметкерлері тыс қалған жоқ, іргелес аумақты жинау бойынша сенбілік өткізді, бұтақтар кесіліп, құрғаған жапырақтар жиналды, ағаштар ағартылды.

Солтүстік Қазақстан облысы

Әділет департаментінің

баспасөз қызметі