-A A +A

СҚО Әділет департаментінде Тәуелсіздік күнін мерекелеуге арналған салтанатты іс-шара өтті

15 желтоқсанда СҚО Әділет департаментінің ғимаратында ҚР Тәуелсіздік күнін мерекелеуге арналған салтанатты іс-шара өтті. Салтанатты түрде Қазақстан Республикасының Әнұраны ойнады, Департамент басшысы, басшының орынбасары Тәуелсіздік жылдарындағы Қазақстанның жетістіктері туралы баяндама оқыды.

Салтанатты іс-шара барысында «Қазақстандық заңгерлер одағы» РҚБ-нің ведомстволық марапаттары, құрмет грамоталары беріліп, мемлекеттік тілде жазылған мақалалар қорытындысы жасалды.

Бұдан артық, ҚР ӘМ мақсатты индикаторларына қол жеткізуге көп үлес қосқан жеке сот орындаушыларына алғыс хаттар берілді.

СҚО Әділет департаментінің

баспасөз қызметі