-A A +A

СҚО Әділет департаментінде кенттердің, селолардың, селолық округтердің әкімдері аппараттарының нотариаттық іс-әрекеттер жасауға уәкілетті лауазымды тұлғаларының аттестаттауы өтті

2017 жылғы 16-17 қарашада Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаменті Солтүстік Қазақстан облысы кенттерінің, селоларының, селолық округтерінің әкімдері аппараттарының нотариаттық іс-әрекеттер жасауға уәкілетті лауазымды тұлғаларының кезекті аттестаттауын өткізді.

Аттестаттауға барлығы 48 маман қатысты, олардың ішінен 47 адам қатысты, 1 аттестаттауға қатысқан жоқ.

Өткізілген аттестаттаудың нәтижелері бойынша 45 маман (96%) аумақтық әділет аттестаттау комиссиясының оң шешімін алды.

Аттестаттау басталғанға дейін СҚО ӘД бас маманы Солтүстік Қазақстан облысы селолық округтерінің әкімдері аппараттарының аттестаттауға жататын лауазымды тұлғаларымен 4 түрлі нотариаттық іс-әрекет жасаудың тәртібі мен мерзімдерін, оларды жасаудың құпиялығын, нотариаттық іс-әрекеттер жасаған үшін алынатын мемлекеттік баж салығының ставкаларын, сонымен қатар нотариаттық іс жүргізу ережелерін түсіндіргенін атап өткен жөн.

 

СҚО Әділет департаментінің

баспасөз қызметі