-A A +A

СҚО Әділет департаментінде брифинг өткізілді

2017 жылдың 8 тамызында Солтүстік Қазақстан облысы Әділет департаменті бөлімдерінің басшыларымен заңды тұлғалардың, жылжымайтын мүлік құқығына, азаматтық хал актілерін тіркеу, атқарушылық өндіріс сұрақтары бойынша ҚР заңнамасына еңгізілген өзгерістер бойынша брифинг өткізілді.

Кездесу барысында азаматтық хал актілерді тіркеу және апостилдеуді бақылау және қамтамасыз ету бөлімінің басшысы  АХАТ және апостилдеу саласындағы мемлекеттік қызметтер стандарттарына енгізілген өзгерістер және оларды көрсету тәртібі туралы; сонымен қатар «Азаматтық хал акт жазбаларын жою» жаңа мемлекеттік қызмет туралы; 7 мемлекеттік қызмет бойынша азаматтық хал акт жазбаларын түзету және толықтырыу, өзгерістерді еңгізу туралы істерді қарастыру бойынша мерзімдері 15 күнтізбелік күннен 7 жұмыс күнге дейін азайтылуы туралы айтылды.

Атқарушылық өндірісті бақылау және есепке алу бөлімінің басшысы мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пунктерінде терминалдар арқылы атқарушылық өндіріс бойынша берешекті төлеу тәртібінде, сонымен қатар алиментерді төлеу бойынша берешегі үш айдан асқан тұлғаларды жұмысқа орналастыру сұрақтарында тоқталды.

Жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу бойынша жұмысын ұйымдастыру және заңды тұлғаларды тіркеу бөлімдерінің басшылары азаматтық, банктік заңнаманы жетілдіру сұрақтары бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне еңгізілген өзгерістерді және толықтыруларды және кәсіпкерлік қызметтінде жағдайларды жақсарту бойынша баяндады.

Брифинг нәтижесі бойынша, еңгізілген өзгерістер құжаттарды дайындаған кезде қаражатты және уақытты қысқартуға, жемқорлық фактілерді және басқа әкімшілік  кедергілерді барынша азайтуға, заңды тұлғалардың және азаматтардың құқықтарын қорғау кезінде қосымша механизмдерді еңгізуіне бағытталған.

Солтүстік Қазақстан облысы

Әділет департаментінің

баспасөз қызметі