-A A +A

СҚО Әділет департаментінде «Ашық есік күні»

2017ж. 24 қазанда Солтүстік Қазақстан облысы Әділет департаментінің азаматтық хал актілерді тіркеу және апостилдеуді бақылау және қамтамасыз ету бөлімімен «Берілген мерзімін бұзуымен балалардың тууын тіркеу» тақырыбына «Ашық есік күні» өткізілді.

                2017ж. 9 сәуірден бастап Қазақстан Республикасының «Неке (ерлі зайыптылық) және отбасы» туралы кодексінде балалардың туын тіркеу жаңа мерзім енгізілген, осылайша баланың тууы туралы өтінішті оның ата-аналары не басқа да мүдделі адамдар тіркеуші органдарға ол туған күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей беруге тиіс.    Үш жұмыс күні өткен соң берілген өтініш бойынша баланың тууын мемлекеттік тіркеу тіркеуші орган жасаған қорытындының негізінде жүргізіледі.

         Іс шара барысында барлық жүгінгендер тууды тіркеу сұрақтар бойынша  мамандырылған заңды көмек алды. Азаматтарға керек құжаттар топтамасын, тууды мемлекеттік тіркеу үшін негіздер түсіндірілді. Баланың тууы белгіленген мерзімді бұза отырып тіркелген жағдайда ата-анасының түсініктемесі, баланың туған жері мен ата-анасының тұрғылықты жері бойынша туу туралы жазбаның болмауы туралы анықтама, баланың денсаулығы туралы анықтама қосымша беріледі.

Солтүстік Қазақстан облысы

Әділет департаментінің

баспасөз қызметі